Алыстан арбалағанша…

Шетелден келген делдал-кеңесшілердің шұбатылған легі қазақ қоғамның өміріне елеулі әсер етті. Болгариялық Александр Миртчев хан қасында қарашы емей немене?! Қапқаздық Эдгар Салдузи жақында ғана сауда-саттық саламыздағы шонжарлардың бірі болғаны жасырын емес. Америқандық Джеймс Гиффен Қазақстандағы мұнай мен газ өнеркәсіптің тізгінін ұстағаны есіңізде шығар. Өткен аптада, ресейлік іскер Игорь Егармин Мәскеуде ұсталып, басты жаңалықтардың кейіпкеріне айналды. Үрейлі Рақат Әлиевтің қолшоқпары саналатын Егармин, еліміздегі жарнамадан бастап қант өндірісіне дейінгі ірі жоспар-жобаларын жіті қадағалады, су доп федерациямыздың құрметті президенті болған.



Игорь Егармин, 2001 жылы

Қазақстан дарынды перзенттерге тапшы мемлекет емес. Мысалы, физик Мұхтар Жәкішев пен шахматшы Болат Асанов тепсе темір үзетін жігерлі қайраткерлер. Неге сондай отансүйгіш азаматтардың орнына, көрінген келімсектер шақырылады?! Корея, Израиль немесе Германияда тіршілік ететін қаракөздеріміз ешуақытта бұл мемлекеттердің жетекші лауазымдарына жетпес. Қай себептен біз бөтен біреулерді қолпаштап тұрмыз? Бәлкім, билікте жүрген қызғаншақ қариялар келешегі зор жастарды көре алмайды. Сондықтан, кіндік қаны қазақ жеріне тамған ұлтжанды тұлғалардан гөрі, жылпос шетелдіктерді артық көреді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
8 views

Leave a Reply