Шабыты тұсауланған көркемдеушілер

Жетінші сәуірде режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмі тұңғыш рет көрермен қауымға ұсынылған. Белгілі бір қайраткерге арналған, бұл кинематографиялық шығарманың осал тұстары мен артықшылықтары туралы басқа адамдар пікір айтсын. Мені қызықтырып әкеткен жағдайы – осы фильмнің ресми афишасы (жарқағаз). Бұл афишаны алғашқы рет көзімен шалып қалғанда, бірден Роджерс пен Хаммерштейнның әйгілі киномюзиклы «The Sound of Music» («Саз әуендері», 1965, режиссер Роберт Уайз) есіме түсті. Өйткені, аталған киномюзикл афишалардың біреуі, біздің көркемдеушілердің шабыт көзі болғаны тайға таңба басқандай көрінеді.

sound

20th Century Fox

Әрине, әлемдегі ең үздік туындыларын ой елегінен қайта өткізгені дұрыс. Бірақ, әу баста ұлттық бояуын сақтап, шетелдік өзгешеліктерге еліктемегені жөн. Мысалы, атақты суретші-көркемдеушілер Дмитрий Бисти мен Борис Пак халықаралық өнердің жетістіктеріне теңелсе де, өз жасампаздық қолтаңбасынан айырылмады. Қазіргі кезде, фильмдердің тақырыптары, оларды түсірудің арнайы әдістері мен актер ойынның ерекшеліктері көбінесе шеттен алынса, сонымен қатар кинокеңістіктің көркемдеу тәсілдері де негізінен бөтен елдерден әкелінеді. Саясат пен өндіріспен бірге, мәдени саласында да егемендігімізді қорғау қажет. 

afishaneboru

www.kazakhfilmstudios.kz

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
5 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.