Грозныйдағы пұтқа табынушылар

 

Өз басым діни апиыннан аулақ жүрсем де, бұл саладағы жағдайды қадағалап тұрмын. Өткен аптада, Шешенстанның астанасы Грозный қаласында қазіргі заманның талаптарына сай «Ахмат-Арена» стадионының салтанатты ашу рәсімі өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұлдыздар арасында аргентиналық былғары доптың майталманы Диего Марадона да ғажайып кешіне қатысқан. Оның құрметіне, шешендер билбордті орналастырды. Ағылшын тіліндегі жазуы былай аударылады: «Марадона – миллиондардың пұты».

 

born-2b-free.livejournal.com

 

Исләм сияқты монотеистік дініне мынадай пұтқа табынушылардың ұраны қайшы келеді. Әсіресе, хас мұсылман болуға ұмтылатын Ичкерияның тұрғындары үшін бұндай сөздер өрескел көрінуге тиіс еді. Қандай шеберлі доп тебуші болса да, Марадона құдайға құлшылық ететін қауымға әулие тұлға ретінде лайықты емес. Мен ешбір мифологиялық кейіпкерлерге сенбеймін, бірақ діндар ағайындарға табандылықтың қажеттілігін тағы да ескертемін. Апиын кәсіптің де сұрауы бар.


 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.