Әр Марусяға – шіркеу!

Ресейге шектен тыс берілген қаракөз атқамінерлері главпоп Кирилмен ауыз жаласып, еліміздің түкпір-түкпірімізде шіркеулер салуда. Мұнай ақшасына белшесінен батқан солтүстік көршілеріміз, қазақ мектептері мен театрларын салуға асығысты танытпайды. Қазақ телеарналары мен радиостанцияларына оңтайлы жағдайды жасамайды. Бірақ, аюның тәкаппарлығына намыстанбай, биліктегі шибөрілеріміз Ваня-Петялар алдында қақаң қағып тұр. Жыл сайын, еліміздегі славяндар мен басқа еуропалық халықтардың саны азаюда. Ақ құлақ шал-кемпірлері үшін ескі шіркеулер де жеткілікті емес пе? Соған қарамастан, Кремль алдында өтелмеген қарызы болғандай, бірбеткей астаналықтар-сатаналықтар жаңа шіркеулердің құрылысына демеушілік жасайды.

Мифологиялық кейіпкерлерге құлшылық етуге арналған сондай ғимараттарды, Ресейдің қосымша елшілік-консулдықтары деп санауға болады. Кәдімгі қойма-дүкендер емес, орын тепкен жерден оларды қуып жіберуі өте-мөте қиын. Соншама құрметіне бөленген ресейліктердің рақметі қандай? Әрине, Қазақстанды шын ниетпен қолдайтын орекеңдер де жоқ емес. Алайда, көбінесе олар сыйлағанды білмейді. Мысалы, семейлік боксшы Семен Упоров, қазақ кәсіпкерлерінің арқасында Америкада бірнеше ай бойы жаттығуларға қатысты. Американдықтармен танысқанда, С. Упоров мәз-мәйрам боп айтатын: «Мен Ресейден келдім». Дәл сондай баяны жоқ ерден, Қазақстанға бағышталған ұлтжандылығын күту әбес емес пе?!

http://www.atlasgeo.net

Алматыдағы Коноваловтың клиникасы талай жылдар бойы табысқа кенеліп істеп тұр. Осы мекеменің дәрігерлері мен медбикелерінің 99 проценті – өзге ұлттың өкілдері. Қазақтың байырғы өлкесінде орналасқан клиникасының ұлттық құрамы, Ресейдің қалың ортасындағы Псков немесе Тверьді елестетуде. Қазақтарды менсінбейтін келімсек тәуіптермен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкін бе?! Жалпы алғанда, бөтен ықпалдан арылу – толғағы жеткен мәселе. Исус-Магомет тәріздес семит әулиелерінің Қазақстанға ешбір қатысы жоқ. Будда-Кришна секілді джунглиден шыққан тақуалар дала сұрақтарына жауап бермес. Хан Тәңірі асқар тауым, айбарлы Алпамыс батырым бар. Рухани шабыттың жергілікті қайнар көздері!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply