Фашисттердің Диснейі

 

Гитлердің сүйікті өнерпаздарының бірі кинорежиссер Рифеншталь мен мүсінші Торак өнер сүйер қауымға белгілі болса, мультипликатор Ханс Фишеркёзен (1896 – 1973) айтарлықтай таныс емес. Жиырмасыншы – отызыншы жылдарда шамамен мың жарнама анимацияларын шығарды. Екінші Әлем соғысы басталғанда, Германияның насихат министрлігі оған мультфильмдерді жасауға тапсырыс береді. Өйткені, тыйым салынған американдық өнімнің орнын толтыру керек еді. Алайда, оның қырқыншы жылдарда түсірілген ғажайып түрлі-түсті мультфильмдері күні бүгінге дейін көрермендерді таң қалдыруда.

www.awn.com

Ханс Фишеркёзен

Фишеркёзеннің туындылары техникалық жағынан ерекшеленді. Үш мөлшерлі әсерлер көлемді көріністің елесін жасады. Көп өлшемді әсерлер бір мезгілде неше түрлі көріністерді тамашалауға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар, нацисттердің цензурасына қарамастан бұл режиссер саяси астары бар әзіл-сықақ тұспалдарын жасап үлгерді. Мысалы, «Жел қағылған әуені» (Verwitterte Melodie, 1942) мультфильмінде Германиядағы тыйым салынған джаздың үзінділері естіледі. «Қар адам» (Der Schneemann, 1943) мультфильмінде фашисттер қуғынға салған абстракционист өнерінің өрнектері қар ұшқындары ретінде көрсетілген. Ал, «Ақымақ ұрғашы қаз» (Das dumme Gänslein, 1944) туындысында жануарлар әлеміндегі концлагерь тәріздес тәртіп орнатылған.

Share
Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.