Дербес ақпарат саясатымыз қайда?

Баршамызға аян шындық: еліміздегі орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі тым елеулі. Осы кемшілік жөніндегі ойлы мақалалар мен терең сұхбаттар жасалған. Алайда, тіл мәселесіндегі орысшыл мәңгүрттеді сынға жиі алсақ та, басқа олқылықтарымыз назардан тыс қалуда. Ресейдің мүдделеріне бейімделген ақпарат саясатын түзетудің керек екендігіне күмәнім жоқ. Мысалы, аты-шулы www.kavkazcenter.com сайтына ресейліктер шамасы келгенше тосқауыл қоюда. Әрине, Қапқаз содырларымен күресуі солтүстік көршіміздің басты мақсаттарының бірі.


openworld.blogspirit.com

Дегенмен, Қазақстандағы интернетті бақылайтын мекемелер ресейліктердей www.kavkazcenter.com сайтына мүмкіндігінше тосқауыл қоюда. Ресейдің ішкі мәселесі саналатын Қапқаздағы соғысқа біздің қатысымыз жоқ. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің дені әлгі сайтка тыйым салмайды. Мәселен, Германия, Италия, Украина немесе Швейцарияда сіз еркін түрде Қапқаз содырларының интернет басылымын оқи аласыз. Егер ол бүкіл адамзатқа қарсы ақпараттық шайқасын жүргізсе, оны көптеген елдерде қуғын-сүргінге салар еді. Бірақ, әзірше тек қана Беларусь, Қазақстан мен Ресей секілді мемлекеттер сөз бостандығына осындай қиянат жасауда.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
5 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.