8 views

Парсы бағытындағы бетбұрыс

Соңғы жиырма жыл барысында, жаңа атауларымыз пайда болды. Олардың көбісі парсы тілінен шықты. Мысалы, «мәжіліс», «қаһарман», «Астана» және тағы басқалар. Ол ол ма, жағымсыз естілетін «дәріхана», «мейрамхана» немесе «мәйітхана»-лар лег-легімен шұбатылып тұр. Ана тіліміздің қорындағы кірме сөздерін жоққа шығармаймыз. Бірақ, шет тілдерден алынған сөздерінің саны шектен тыс шықпасын, олардың сапасы да төменгі дәрежесінде болмасын.

 

www.unesco.org

Келмеске кеткен империяның орысшыл нөкерлердің сұмпайы «ведомство» мен «отставка»-мен қатар, көнетоз парсышыл баламалар да артық боп көрінеді. Онанша, төл мәдениетімізге жақын түркі-монгол ұғымдарын пайдаланғаны дұрыс деп санаймын. Француз лексикографтарының ана тілінің тазалығын сақтауға арналған бастамаларын қолдап тұрмын. Мысалы, ағылшын «компьютер» ұғымы орнына, олар французшыл құлаққа жағымды естілетін «ординатёр»-ді қолданысқа енгізді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply