Шетел тәжірибесін игерген жендеттер


Заманбек Қалабайұлыны өлтірген терроршылар әлі де ұсталған жоқ. Әрине, марқұм саясаткердің де тұрпайы мінезі бен сыбайлас жемқорлыққа жататын қателіктері баршылық. Бірақ, оған өлім жазасын кесуге ешкімнің қақысы болған жоқ. Оның үстіне, үш оқпен атылған Зәкеңді суицид жасаған адамдардың санатына жатқызу, миға қонбайтын негізсіз тұжырым. Мүмкін, жергілікті қанды балақтары Бразилиядағы 1969 жылы орын алған оқиғаны зерттеп, оны 2005 жылының Алматыдағы жұмбақты қантөгісінің дайын жоспар ретінде қабылдады. Ресми тергеушілердің айтуынша, Оңтүстік Америкадағы тұрмыстық құрал-жабдықтармен шұғылданатын ірі саудагер Альфредо Монтеверде (1924 – 1969) өз-өзін ЕКІ оқпен кеудесіне атып тастап, жан тапсырды. Алайда, марқұмның қолдарында оқ-дәрінің іздері табылған жоқ. Тез арада, полицейлер маңызды айғақтарды – тапанша мен мәйіттен шығарылған оқ  – жоғалтты. Өте күмәнді оқиға алдында, Монтеверде мен оның 1934 жылы дүниеге келген әйелі Лили Уоткинс алдағы ажырасуын талқылады.


istoe.com.br

Альфредо МОНТЕВЕРДЕ


www.acisafra.fr


PMC-Patrick Mcmillan

Лили САФРА

Қаза тапқанның мүлік-ақшасы жесіріне өтті. Монтеверде оның екінші күйеуі болған. Бірақ, қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің. Шамамен отыз жыл өткен соң Лилиның төртінші күйеуі, атақты миллиардер-қаржыгер Эдмонд Сафра (1932 – 1999), жақсы қорғалған сарайындағы сезікті өрттің салдарынан көзін жұмды. Тездің үкімі бойынша, өртелу үшін қаржыгердің жақында жұмысқа алынған күзетші-малайы Тед Маер айыпталған. Айтпақшы, Эдмонд Сафра баяғы Альфредо Монтеверде үшін банк қызметтерін көрсетті. Тағы бір рет тұл қалған Лили 800 миллион долларға жуық мүлік-ақшаны мұраға алды. Ал, 2008 жылы ресейлік миллиардер Михаил Прохоров Франциядағы Вилла Ля Леопольда үшін Лили Сафраға 39 миллион евроға жуық авансын төледі. Ақырында, келісім жүзеге аспады. Бірақ, авансқа берілген ақшасы қайтарылмады. Есесіне, 2010 жылы Ниццадағы тездің шешімі бойынша Прохоров бір жарым миллион евро өсімпұлын төлеуге міндеттелген. Мінеки, қаракөз ұры-қарақшылардың ұстаздары осындай!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply