Орынды қысым

Бергі уақытта, қазақ төлқұжаты бар кейбіреу тәуелсізсымақ журналисттер үстінен қылмыстық істер қозғалған. Әрине, бұндай құғын-сүргіннің басты себебі – Жаңаөзендегі қанды оқиғаның салдары. Себебі, биліктің қаһарына ұшыраған жазғыштар қасіретті қақтығыстар туралы ақпаратты кеңінен таратып жіберді. Алғашқыда, шетелге жалтақтап қарайтын әкімсымақтар мен олардың жандайшап арнайы қызметтері жазғыштарды жазалауға бата алмады. Бірақ, Қытай мен Ресей, Европа мен Америка аталған қантөгісті елемеген соң, қазақи гиммлерлер мен пиночеттер журналисттерді айыптауға жігерленіп кірісті. Әлбетте, сөз бостандығына жасаланған шабуыл жақсылықтың нышаны емес.

Алайда, осы шабуылды ақтайтын жағдайлар да баршылық. Бишара жазғыштардың мақалаларының дені Атамекенімізге күйе жағуға арналған шимайлар емес пе?! Туған жерінен гөрі бөтен елдерді дәріптеуімен айналасатын журналистер өз сыбағасын алған жоқ па?! Шетел үкіметтерінен қаржы-қаражатты алатын пысықайлардың құйрығы бір-ақ тұтам боп шықты. Неше тұрлі кемшілік-қателіктерді жіберсе де, іштен шыққан шұбар жылан – біздің құқық қорғау орындары – мүмкіндігінше мемлекетімізге қызмет етуде. Журналистерді ретіне келтіргенінен кейін, жергілікті ягода-гуверлерін түзетуге тура келеді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
4 views

Leave a Reply