Сезікті апаттар

Михаил Горбачев ұйымдастырған қайта құруы барысында талай құпиялы оқиғалар орын алды. Олардың арасында, күмәнді апаттарды тілге тиек ету керек. Жергілікті сатқындар қиянат келтірді ме, әлде шетелдік диверсанттар арнайы операцияларын өткізді ме? Әйтеуір, түрлі сала мен аймақтарда бүкіл ҚСРО-ны дүр сілкіндірген қайғылы оқиғалар сексенінші жылдардың соңында жиілеп бастады. Алып мемлекетті қиратуға жол ашқан тәртіпсіздіктер…

radicalgraphics.org

 

Мысалы, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электростанциясында орын алған жарылыс бүкіл кеңес энергетикасына жойқын соққы деп есептеуге болады. Сол замандағы мұнай мен газға күрт төмендеген бағалармен бірге осы апат шикізат саласына орасан зор нұқсан келтірді. 1988 жылдың 14-15 ақпанында Ленинградтағы ҚСРО-ның Ғылым академиясының кітапханасындағы сұмдық өрттің салдарынан шамамен 400 мың кітаптар жойылған. Отандық мәдениет пен ғылымына елеулі зиян жасалған. 1989 жылдың 4 маусымында Башқұртастан территориясынан өтетін газ құбырының жарылыстан екі теміржол тізбектеріндегі кемінде 575 жолаушылар мен теміржолшылар қаза тапты, жүздеген адамдар мүгедектерге айналды. Көлік пен коммуникация саласындағы бұрын соңғы болмаған апаты дұшпан әрекеттерінің қатарына қосуға болады.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Leave a Reply