Төл тақырыптар таусылған ба?!

Атақты ақын Роберт Рождественский бала кезінде музыкант боп сәл-пәл өнер көрсететін. Екінші әлем соғысының қилы заман еді. Осындай ауыр дәуірдің естелігі ретінде, Роберт Иванович «Концерт» деген өлеңін жазған. Майталман қаламгердің туындысынан біршама үзінділерін келтіруге рұқсат етіңіз. «Сорок трудный год. Омский госпиталь… Коридоры сухие и маркие. Шепчет старая нянечка: – Господи!.. До чего же артисты маленькие». Жарақат алған сарбаздар алдында әнші балапандар концерт беруде. «Вдруг срывающимся фальцетом Абрикосов Гришка отчаянно объявляет начало концерта. А за ним, не вполне совершенно, но вовсю запевале внимая, о народной поем, о священной так, как мы ее понимаем…» Әуесқой концерттердің бірі қасіретті оқиғамен аяқталады. «Только голос летчика раздается. А в нем – укор: «Погодите! Постойте, хлопчики… Погодите… Умер майор…»

 

 

 

Содан соң халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев «Алғашқы концерт» аталатын өлеңін бастырды. «Тас-талқан жыл… Қабақ түйген сұрланып. Астраханның госпиталі тұр налып. «Құдайым-ай, неткен құйттай әншілер, Бұл қызықтан жүрмейікші құр қалып». Тағы бір концерт басталуға дайын. «Бір өзіне бұйырғандай барша екпін, Сұлтанғазы қасын керіп, Қазақша хабарлады басталғанын концерттің. Кіп-кішкене кеудемізді молайтып, Тұрмыз енді екеуіне ән айтып». Қойылым Омбыдағы концерттей мұңлы аяқталады. «Шықты бір сәт: – Комбат өлді, балалар, комбат өлді! – деген дауыс азалы». Орыс жазушыларының кеңінен таратылған ауруы қазақ жазушыларына да жұғылған. Әлгі Алексей Толстой итальяндық Карло Коллоди ойлап тапқан Пиноккионы Буратиноға айналдырды. Ал, Өскеменде дүниеге келген Александр Волков американдық Фрэнк Баумның Оздағы ғажайып сиқыршысын Меруерт қаласының сиқыршысына айналдырды.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Leave a Reply