Өліспей беріспейтін орысшыл аудармашылар

Егемен Қазақстанның жиырма жылдық мерейтойы өтсе де, көптеген жағдайларда Кремльдің ықпалы бұрынғыдай жүргізіліп жатыр. Экономикалық пен әскери қоқаң-лоқысы былай тұрсын, мәдени саласындағы московиттерге тәуелді болуы қисынсыз боп көрінеді. Отаршыл заманда тіршілік еткендей, тілмаштарымыз шетел туындыларын ең алдымен Ванька-Встаньканың аудармаларын пайдаланып, қазақ оқырман-көрермендеріне жеткізуде.

 

digital-lumberjack.com

 

Мысалы, белгілі американдық актер Брюс Уиллис қатысуымен түсірілген, атылысқа толы Die Hard («Қиыншылықпен өлу») көркем фильмі орыс тіліне «Крепкий орешек» деп аударылған. Иә, орыс тілінің байлығына сай шеберлікпен жасалған аударма. Сонымен, орекеңдердің ығына жығылған қаракөз тәржімелеушілер ағылшын түпнұсқасына жүгінбей, солтүстік ағайындардың аудармасын қазақшалаумен шектелді – «Берік  жаңғақ».

Әрине, егер Голливуд фильмінің атын тікелей аударсақ, лайықты баламалардың бірі «Өліспей беріспейтін» болуына тиіс. Қазақ тілінің байлығын осындай жағдайларда паш етуге не жетсін? Кинематограф әлемінде орын алған орысшылдығы, әдеби әлемде жалғасуда. Мәселен, Германиядағы Қазақстанның елшілігінің қолдауымен қазақ классиктерінің біршама туындылаыр неміс тіліне аударылған. Әрине, тағы да Ванька-Встаньканың аудармаларысыз халықаралық қауымына шығуы мүмкін емес еді. Көптеген мамандар қазақ пен неміс тілдерін жетік меңгерсе де, қанымызға біткен құлдық әдетінің шеңгелінен арылмай жүрміз.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
21 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.