5 views

Бәйге-додадан экономика басым

Қазіргі уақытта өтіп жататын Европадағы футболдан біріншілігі экономикалық жағдайлардың алалауымен ерекшеленеді. Ірі мемлекеттердің командаларын төрешілер өз қанатының астына алуда. Мысалы, украиналық ойыншы Марко Девичтің Англияның қақпасына соғылған добы есептелмеді. Әрине, Украинаға қарағанда Англияның геосаяси мен экономикалық күш-құдіреті әлдеқайда артық. Ал, Ресей мен Грецияның ойында гректердің жетекші футболшысы Карагунис себепсіз сары қағазын алып, Германиямен келесі ойынға қатыса алмады. Әлбетте, тәжірибелі ойыншысының жоқтығы Эллада командасының қауқарын бәсеңдетіп, жеңіліске соқтырды.

pinasgroup.com

Сөз жоқ, алпауыт ел болған соң талай артықшыларға қол жеткізуге болады. Жоғарыда көрсетілген даулы кезеңдерде, төрешілердің бүйрегі әл-ауқатты мығым мемелекеттерге бұрады. Әрине, бүкіл жағдайларда қалталы командаларға жең ұшын беруге болмас. Бірақ, соның өзінде неше түрлі сыбайлас әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін. Оның үстіне, бұл оқиғалар Греция мен Украина сияқты Европадағы мешеу елдерге жақсы сабақ болар. Енді байғұс эллиндер мен хохолдар кәрі құрлықтағы өзінің нақты орын қандай екенін анық түсінер. Сонымен қатар, дәл сондай әділсіз шешімдер европалық ынтымақтастыққа сөзсіз нұқсан келтіруде.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply