Кеден одағының қорғанысына дайын полицайлер

Ұлт мүдделерін саудаға салған сатқындардың асыл арманы – Кеден одағы – әр саяси құрылымдай сенімді қорғанысына мұқтаж. Келешекте, диктаторлық режимдердің сорақы бірлестігіне наразы азаматтар Ресейдің озбыр саясатына қарсылық білдіру әбден ықтимал. Сондықтан, полицайлер сақадай сай болуға тиіс. Әйтпесе, наразылықтың оқшауланған шерулер халықтың жаппай көтерілісіне ұласуы мүмкін. Жаңаөзендегі қарусыз мұнайшыларын атып тастауда ысылған жендеттер, Алматы қаласы мен Алматы аймағында өз тәжірибені одан әрі жетілдіруде. Ешбір қазы-бидің үкімсіз, ешбір прокурордың айыптаусыз және ешбір адвокаттың қорғаусыз мұздай қаруланған полицайлер белгісіз адамдарын қойша бауыздауда. Ең алдымен, Алматы аймағында күдікті жарылыстың салдарынан бірнеше адамдар қаза тапты. Сәлден соң, Алматы қаласындағы «Акселькент» ықшам аудандағы тағы бір топ азаматтарын полицайлер жойып тастады.

timesofindia.indiatimes.com

Соңғы сегіз ай ішінде орын алған қайғылы оқиғалар құрбандардың дені – қазақтар. Елімізде кіші азаматтық соғыс басталғандай. Мифологиялық терроризмді сылтау етіп, көбінесе бейкүнә жерлестерімізді қысымына алды құқық қорлаушылар. Полицайлер кердең өзбек шекарашыларына оқ жаудырмайды. Жендеттеріміз ресейлік тыңшыларын аялап-сипаумен әбігер. Арнайы қызметтеріміз қытай барлаушыларын ұстамай жатыр. Демек, сыртқы дұшпандар мәз-мейрам тіршіліктің қызығын көруде. Азулы жауларымызға жергілікті полицайлердің тісі батпай отыр. Кремльдегі құбыжық-тажалдардың сұмпайы жемісі – Кеден одақ – толыққанды әрекеттеріне қосылған соң, полицайлеріміз әлгі одақтың күзетшілеріне айналмақ. Қазақ мүдделерін таптаса да, киелі Мәскеудің өсиеттерін мүлтіксіз атқаруға дайын – тасбауыр мәңгүрттер.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.