Мегапиксельдің көзбояушылығы

Жаңа бейнекамераларды сатқанда, жарнама берушілері мегапиксель деген көрсеткішін ерекше сөз етуде. Аңғал сатып алушылар мегапиксель көрсеткішіне айрықша мән беруде. Бәлкім, он төрт мегапиксель бар камера жеті мегапиксель камерадан екі есе артық деп ойлауда. tinyurl.com/c2yq56 мекенжайында орналасқан мақала мегапиксельдің көзбояушылығына қатысты көп жағдайларын аңғартады. Алайда, осы көрсеткіш фотосурет сапасының негізгі дәлелі емес. Өйткені, мегапиксель жай ғана «суреттің миллион элементтері» деп аударалады. Мысалы, үш мегапиксель камерасында 2,048 (көлденең) x 1,536 (тік) пиксельдер бар немесе 3,145,728 пиксельдер. Сіз пиксельдің саны еке есе (200%-ке) үлкейтсеңіз, суреттің сызықтық өлшемі (linear dimensions) 40%-ке ғана ұлғаяды. Нағыз айырмашылықты сезу үшін, мегапиксельдің саны төрт есе үлкейту қажет. Әрине, бес мегапиксель мен жиырма мегапиксель камералардың сипаттары бірден көзге ұрынады.

Nevit Dilmen

 

Әуесқой фотографтың суреттері буалдыр, сүреңсіз. Кәсіби фотографтың туындылары техникалық шеберлігі пен көркем талғамымен ерекшеленеді. Фотоөнерге икемділікті мен бай тәжірибені су жаңа құрал-жабдық та ауыстыра алмас. Джо Холмстың аса қымбат фотосуреттері алты мегапиксель камерамен түсірілген. Оған қоса, табиғат немесе аспанды суретке түсіргенде, цифрлық камералардың сапасы фототаспа камералардың мүмкіншіліктерінен әлдеқайда төмен. Мәселен, кәсіби деңгейдегі фототаспа камерасының сапасымен тең түсуі үшін, әзірше пайдаланыста жоқ 500 (бес жүз!!!) мегапиксель бар цифрлық камераны пайдалану керек. Сонымен, ұмытылмас мезеттер бейнелерін сақтайтын техниканы таңдағанда, алдамшы көрсеткіштерге еліктемеңіз. Кітапты таңдағанда қалың том-томдарын шығарған графоман Лев Троцкийдің өнімін алмайсыз, жұқалаң Абай мен Конфуцийдің керім туындыларын сатып аласыз.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.