Жетісудан Женеваға дейінгі қасқа жолы

Әлгі Қасым-Жомарт Тоқаев деген дипломат шетел мемлекеттерімен байланыс орнатқанда тым сыпайы, аса шегіншек саясатын жүргізуде. Туған елінің мүдделерін қорғаудан гөрі бөтен елдердің сойылын соғуымен әуре болған космополит. Сондықтан, шетел саясаткерлері Тоқаевты аса бағалап, ерекше сый-құрмет көрсетуде. Мысалы, тоқсаныншы жылдардың орта тұсында алып Қытайдың жетекшісі Цзян Цзэминьнің өзі Қазақстанның сыртқы істер министрі Тоқаевты құшақ жая бірнеше рет қабылдады. Нәтижесінде, Атымтай Жомарттай қолы ашық Қасым-Жомарт қазақтың байырғы жерінің қомақты телімін қытайлықтарға сыйға тартуға ат салысты. Дегенмен, аты аңызға айналған Атымтай Жомарт жеке байлығының есебінен мәрттігін көрсете берді, ал Тоқаев деген кейіпкер біздің атамекенімізді саудаға салып, қарақытай алдында бәйек қақты.

Халықаралық қатынастардың жайында Тоқаевтың ұстанымы қазақ қауымына жағымсыз көрінуі ғажап емес. Мәселен, 2004 жылы Венгрияда өткен НАТО-ның кезекті шаралары барысында Әзірбайжан офицері Рамиль Сафаров армян әріптесі Гурген Маргарянді балтамен шауып өлтірді. Әрине, адамның жанын кетіруі ауыр қылмыс екендігі анық. Бірақ, армян жауынгерінің де кінәсі баршылық: Гурген Маргарян Рамиль Сафаровтың көзінше әзірбайжан халқын кекетті, осы елдің байрағымен өз аяқ киімін сүрткен көрінеді. Әрине, қызба қанды, ірі денелі Рамильдің армян арандату әрекеттеріне берілген аса жойқын тойтарысына түсінушілікпен қарау керек. Бірақ, бибауырмал Қасекенің қабырғасы бөтен қауымына қайысты: «Новость о трагической смерти армянского военного офицера в Будапеште в Казахстане приняли с беспокойством и болью. Мы осуждаем зверство и жестокость этого акта и полагаем, что такие деяния вообще не имеют никакого оправдания» («The news on the tragic death of Armenian military officer in Budapest was received in Kazakhstan with anxiety and pain. We condemn the brutality and inhumanity of this act and believe that such deeds have no justification whatsoever»).

Уақыт сыннан өткен сыбайластық: Қытайдың қазіргі төрағасы Ху Цзиньтаомен бірге

Аһ, жомарт дипломаттың неткен адамгершілігі! Сонша меірбан болсаң, неге 1992 жылы орын алған Қожалы қырғынының құрбандарын еске алмайсың?! Алты жүзден астам негізінен бейбіт әзірбайжандар – әйелдер, балалар мен қарт адамдар – армян жендеттерінің жауыздығынан қаза тапты. Осы адамзатқа қарсы қылмысқа қазіргі армян президенті Серж Саргсяннің де қатысы бар. Бірақ, Тоқаев үшін адамзат мәселелерінен гөрі күнделікті тіршіліктің маңыздылығы басым. Қазіргі таңда, Жетісудан шыққан синолог-космополит Біріккен ұлттар бас хатшысының орынбасары ретінде Женева қаласында тығылды. Айлығы – жиырма мың доллар. Міндеттелері де аса күрделі емес: жиналыстарда сөз сөйлеу, тұсаукесерлерге қатысу, құжаттарға қол қою. Қасында мұздай қаруланған оққағарлары, сұлу жәрдемші әйелдері. Рақат! Әйтеуір, Цзян Цзэминь ағайдың арқасында кезекті белестен асқан Қасым-Жомарт. Қытай саяси адуынына жол ашқан Тоқаевтың орнына ұйғыр халқының біртуар перзенті Кәрім Мәсімов келді. Ала тақиялы қытайтанушы әка Қазақстандағы қытайлық экономикалық мүдделерін адал қорғайды. Қонақжайлы чекист-синологтардың буын сабақтастығы әзірше үзілмес.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
20 views

Leave a Reply