“Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға”

Сөз жүзінде тәуелсіз ел болсақ та, іс жүзінде еркінсушіліктен аулақпыз. Биліктің тізгінін ұстаған миллионер-әкімдер баяғыдай шетел алпауыттары алдында бәйек қағуда. Байлығына есеп-қисабы жоқ Нұрсұлтан Назарбаев деген кейіпкер сонау қырық-елу жыл бұрын қалыптасқан жаман әдеттерден арылмай тұр. Ақсақал-партократ Батыстың жылтырауық атақтарын балаша көксеуде. Оның қазірігі асыл арманы – бейбітшілік жөніндегі шНобель сыйлығының иегері атану. Әрине, физика мен химия сияқты ғылымдар жөнінде шНобель сыйлығының беделі біршама тәуірлеу. Бірақ, әдебиет пен бейбітшілік сияқты гуманитарлақ салалар бойынша шНобель сыйлығының беделі көптен бері күмән туғызуда. Өйткені, гуманитарлық сыйлықтардың иегерлері ерен еңбектен гөрі, саяси айла-тәсілдер арқасында осы атақты иеленуде.

 

Бәлкім, медаль-орден саны бойынша байғұс Леонид Брежневтен асып түскен ақсақал-партократымыз шНобель сыйлығын алмаса, әбігер әрекеттерінен басын тартпас. Ең алдымен, бүкіл әлемге танымал атақты иелену қажет. Айта кететін жәйт: бейбітшілік жөніндегі шНобель сыйлығының иегерлері арасында көптеген ұнамсыз кейіпкерлер шоғырланған. Барак Обама мен Ицхак Рабин секілді озбыр қолбасшылар бар. Михаил Горбачев пен Андрей Сахаров тәріздес өз еліне опасыздығын жасаған сатқындар баршылық. Ақсақал-партократ осындай жиіркенішті кейіпкерлердің санатына кіруіне намыстанбайды. Ең бастысы, Вашингтон мен Мәскеуге, Тель-Авив пен Лондонға жағатын іс-қимылдарымен ерекшелену керек. Өмірдің соңғы кезеңі қарсаңында мырзалардың алдынан тағыда өткені жөн.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
63 views

Leave a Reply