Жолаушыларға жат метро

Алматыдағы жер астындағы теміржол көліктің бірінші кезегі қызметінің тұңғыш жылы аяқтауға жақын. Небәрі сегіз
шақырымды салуға жиырма жыл кетті. Сондай ұзақ мерзім ішінде бүкіл қаламыздың маңызды бағыттарды метросымен қамтуға болар еді. Біздің білигіміз жасампаз, ірі жоспарларды жүзеге асыруға шамасы
келмейтіні тайға таңба басқандай анық. Қайткен күнде, метроның шолақ нұсқасына да тәуба етейік. Жолаушыларға келеңсіздікті туғызатын басқа мәселелер де баршылық. Мысалы, Майндағы Франкфурт немесе
Милан шаһарлардағы озық метроларға көз жүгіртейік. Егер вагондағы жолаушылар асығатын болса, метро бекетіндегі тоқталған кезде (автоматты ашылуынды күтпей) есіктің ішкі жағындағы тетігіне басып тез

Print Friendly, PDF & Email

Алматыдағы жер астындағы теміржол көлігінің бірінші кезегі қызметінің тұңғыш жылы аяқталуға жақын. Небәрі сегіз шақырымды салуға жиырма жыл кетті. Сондай ұзақ мерзім ішінде бүкіл қаламыздың маңызды бағыттарын метросымен қамтуға болар еді. Біздің білигіміз жасампаз, ірі жоспарларды жүзеге асыруға шамасы келмейтіні тайға таңба басқандай анық. Қайткен күнде, метросының шолақ нұсқасына да тәуба етейік. Жолаушыларға келеңсіздікті туғызатын басқа мәселелер де баршылық. Мысалы, Майндағы Франкфурт немесе Милан шаһарлардағы озық метроларға көз жүгіртейік. Егер вагондағы жолаушылар асығатын болса, метро бекетіндегі тоқталған кезде (автоматты ашылуын күтпей) есіктің ішкі жағындағы тетігіне басып тез шығуға мүмкіншілік бар. Платформадағы тұрған жолаушылар да вагон есіктерін сыртқы тетігіне басып аша алады. Сонымен қатар, платформадағы электрондық сағаттар келесі тізбектің (локомотив) келуіне қанша уақыт қалғаны көрсетеді. Су жаңа Алматы метросындағы осындай ыңғайлы жағдайлар қарастырылмаған.

 

Нью-Йорк метросындағы полицейлер мен кондуктор.
Нью-Йорк метросындағы полицейлер мен кондуктор.

Ол ол ма! Асығатын жолаушыларға бөгет қылатын озбыр полицайлерді тілге тиек етуге мәжбүрміз. Өзбекстан, Ресеймен шекарасын күзетуі орнына көліктегі қауымды тіміскілейтін масылдар қарапайым халқымызды мазалауда. Тіпті, кәдімгі целлофан пакетті тінтуден ұялмайды. Сырымбаев, Ниязбеков пен Дүйсенбеков секілді полицайлар метро клиенттеріне себепсіз бас салуда. Нацисттік дәуіріндегі Берлин метросындағы соншама ұятсыз полицайлер қызмет етпеді. Каганович тұсындағы Мәскеу метросындағы милиционерлер әлдеқайда кішіпейіл болған. Біздің метромызды бақылайтын полиция басқармасының ғимараты «Алматыметроқұрылыс»-тың кеңсесінен кем түспейді. Пайдасы шамалы полицайлерге не үшін сондай құрмет көрсетілген? Бірақ, көлік саласындағы қызмет ететін полицайлер темекі тартатын жүргізушілерге айыппұл салмайды, билетсіз жолақыны сататын кондукторларды тәртіпке шақырмайды.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply