Ішкіштер ассамблеясындағы вакханалия

Саңылауы бар отансүйгіш азаматтар әрқашан Қазақстан халқының ассамблеясы жөніндегі сыншыл көзқарасын танытуда. Осы орыс тілді ұйым мемлекеттік тіліміздің дамуына бөгет жасауда. Ұйғыр сепаратисттері секілді жік салушыларға қарсы үн қатпас. Әлгі ассамблея Маловодное, Шелек пен Маятастағы ұлтаралық қақтығыстарды алдын алуы үшін қурай басын сындырмады. Сонымен қатар, қажеттілігі шамалы ұйым унитарлық Қазақстанның мәртебесіне қайшы келетін федеративтік құндылықтарды дәріптеуде. Демек, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан бірыңғай қазақ халқының ұғымын орнына қырық құрақ іспеттес «қазақстан халқы» деген сорақы баламаны ұсынылуда. Әрине, жоғарыда келтірілген деректер баршаға мәлім. Бірақ, Қазақстан халқының ассамблеясы алкогольдік мафияның тірегіне айналғаны біреуі білсе, біреуі білмес.

«Бахус» алкоголь компаниясының жетекшісі Артуш Карапетян мен «Дионис» шарап өндірісіне қатысы бар Зиятдін Қасанов – әлгі ассамблея төрағасының орынбасарлары. Салауаттық өмір салты үшін белсенді күрескерлер – атақты хирург Федор Углов пен тарихшы Валерий Емельянов – алкогольдік мафияның тегеурінді әрі заңсыз әрекеттерін айқын түрде әшкереледі. Денсаулыққа зақым келтіретін алкоголь ішімдіктерін тарататын мафиози халқымыздың демографиялық жағдайына, ұлттық қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян тигізуде. Ұйымдасқан қылмыстың құдіреті соншалықты, тіпті бір-біріне өштес армян мен түрік ұлыстарының өкілдерін табыстыра жіберген көрінеді. Халықтар достастығының жалған нұсқасын насихаттайтын алко-ассамблея нағыз апиын сататын жылпостарды қолпаштауда. Елімізді рухани да, физикалық жолдармен да уландыратын ассамблея этникалық қылмыс топтардың заңдастырылған жиыны!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
9 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.