5 views

Қару-жарақ емес, жан алғыш кінәлі

Американдық Коннектикут штатының Ньютаун қаласындағы орын алған сұмдық қантөгіс бүкіл әлемді дүр сілкіндірген. Бейкүнә балалар өмірлерін қиған жауыз жендеттің қылмысы адамгершілікке мүлдем жат дүние. Алайда, Адам Ланца есуастың сұмырай қылығын сылтау етіп, қару-жарақ саудасын күрт шектетуі де дұрыс емес. Өйткені, кең көлемдегі қару-жарақтың айналымы қарапайым адамдарға қылмыс әлемінен сақтанудың кепілдерінің бірі. Заңды түрде сатып алынған, құқық орындарында тіркелген тапанша-мылтықтар қарақшы мен ұрыларға қарсы құдіретті тосқауыл. Сондықтан, қайғылы оқиғаны сылтауратып, қатардағы азаматтардың өзін-өзі қорғау мүмкіншіліктерін азайтуға болмайды.

www.centurynovelty.com

Қазақстандағы қару-жарақ саудасына түрлі шектеулер мен тыйымдар салынған. Соған қарамастан, Махмаханов ағайындары, шекарашы Владислав Челах, жандарал Қ. Қасымов сияқты қанішерлер қару-жарақтарын пайдаланып, кінәсіз кісілерді өлтіруде. Ал, кәдімгі қазақтар қарусыз әрі қорғансыз қалуда. Жыл сайын, жол апаттары мыңдаған отандастарымыздың өмірлерін қиюда. Жыл сайын, мыңдаған замандастарымыз арақ-наша пайдалануы себеп болған қылмыс-төбелестерде қаза табуда. Дегенмен, биліктегі жүрген әкімсымақтар қарапайым адамдардың автокөлік жүргізуге немесе спирттік ішімдіктерді пайдалануға айтарлықтай шегін қоймайды. Өйткені, мас жүргізуші Астана-Сатанаға қауіп төндірмес. Бірақ, қаруланған азамат авторитарлық режімнің ең айбарлы қарсыластарының бірі.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply