Француз фильмдерінің қазынасы

Француз тілін оқушыларының бірі болған соң, осы елдің көркем және деректі фильмдерін түпнұсқада тамашалауға ынтызармын. Алайда, ғаламтордағы тегін таратылатын кинотуындылар арасында түпнұсқа француз фильмдерін табу оңай емес. Оларды жүктеп алу үшін ізденіс әжептеуір уақытына созылмақ. Франкофон қауымына арналған пайдалы сілтемелердің бірі – www.topanalyse.com Осы сайттағы тоғыз мыңнан астам көркем және деректі фильмдерін жүктеп алуға мүмкіншілікке ие бола аласыз. Өз басым, теңіз зерттеушісі Жак-Ив Кустоның Le Monde du Silence («Тыныштық әлемі») деректі фильмдердің інжу-маржаны саналатын және Ален Делон мен Чарльз Бронсон сияқты атақты актерлер қатысқан Adieu l’ami («Қош бол, досым») детектив көркем фильмін жүктеп алдым. Француз түпнұсқадағы бұл фильмдерді көп жылдар бойы іздеп, тек қана осы сайтынан тауып алдым. Әрине, қазақ фильмдерін тегін тарататын ғаламтор парағы да көрермендерімізге өте-мөте қажет.

 

topa

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.