Әлем тілдері фонетикасының қазынасы

Шетел тілдерін оқығанда бөтен сөздердің дұрыс айтылуы сабақ алушылары үшін ең қиын жағдайларының бірі. Фонетика ережелерін зерттегенде, өз басым бірнеше рет қиналдым: пәлен қытай иероглифін қалай айту керек, анау араб сөзін дыбыстауы қандай? Осыдан он-он бес жыл бұрын мынадай ізденістеріме жауап табуы мейлінше ауырлау болған еді. Электрондық оқулықтар, бейнетаспа тіл курстарының тарапынан ұсынылатын фонетикалық мысалдардың сапасы мен мөлшері шектелген болды. Бірақ, ғаламтор дамуының арқасында тіл білімінің керемет дидактикалық құралдары дүниеге келді.

Пайдалы сілтемелердің бірі – www.forvo.com парағы. Шамамен үш жүз тілдердің бір миллион алты жүз мың сөздердің жазылуы мен айтылуы келтірілген. Мәселен, көне грек тілін меңгерген пайдаланушының аудио файлдарын тыңдау менің филологиялық зерттеулеріме зор септік тигізуде. Сондықтан, тіл білімін оқитын басқа зерттеушілерімен осы ақпаратпен бөлісуге жөн санадым. Әрине, қазіргі таңда фонетикалық ережелерді практикалық түрде түсіндіретін көптеген электрондық оқулықтар мен тілашарлар жоқ емес. Бірақ, www.forvo.com сияқты кең өрісті фонетикалық қайнар-бұлақтар сирек кездесетін құбылыстар.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.