Қалай болса солай салынған ғимараттар

Көшпенділі өмір-салтымыздың дәстүрлері күні бүгінгі дейін сәулеттік өнеріміздің дамуына тұсау салғандай. Кең-байтақ елімізде бой көтерген әдемі ғимараттар үшін орын табуы оңай шаруа емес. Гонконг пен Монако секілді таршылық мұңын бастан кешетін кішігірім елді мекендердей тәуір құрылысқа жеріміз жетіспей ме?!

Алматы қаласындағы кейбір жаңадан салынған ғимараттар сәулет өнерінің ережелеріне, санитарлық пен гигиеналық талаптарға қайшы келеді. Мысалы, Шевченко мен Клочков көшелерінің қиылысында салынған ғимарат тұрғын үйдің терезелерін күн сәулесінен тасалайды, әдемі көше көрінісінің орнына тұрғындар заңсыз салынған ғимараттың артқы терезелерін «тамашалауға» мәжбүр.

shev

Шевченко мен Клочков көшелерінің қиылысындағы сорақы құрылыс

Дәл осындай заңсыз ғимарат Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында салынған. Сіздің терезелеріңізге мынадай заңсыз құрылыстар кедергі келтірсе, не істер едіңіз? Әрине, бұндай заңсыз ғимараттарды қирату керек, олардың құрылысына рұқсат берген кызметкерлерді жазалау қажет. Әсем қаламыздың көркін кетіретін құрылысқа жол берілмесін!

tole

Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы заңсыз ғимарат

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.