Мәдениетсіз дипломаттардың империяшыл көзқарастары

Әлем тілдерінің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілерінің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізуі үшін украин мен қазақ тілдері лайықты құралдар емес.


www.europarl.europa.eu

Тіл саласындағы ресейліктердің арам пиғылының дәлелі ретінде РФ-тың Украина (embrus.org.ua/ru) мен Қазақстандағы (www.rfembassy.kz/) елшіліктерінің сайттарын келтіруге тура келеді. Украин мен қазақ тілдерінде бір ауыз сөз жоқ. Тіпті, ағылшын деген халықаралық тіліндегі жазбалар жасалмаған. Чекист жендеттерінің томаға-тұйық көзқарастарына негізделген орыс ұлтшылдығының сүреңсіз түрі осындай. Ресей империясының озбыр тіл саясатының мұрагерлері ретінде қазіргі Ресей Федерациясының жетекшілері жиырма бірінші ғасырдағы он тоғызыншы ғасырдың кертартпа ұғымдарын пайдалануда.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
9 views

Leave a Reply