Бесінші колонна дайын тұр

«Вечерний Алматы» газеті атымен қазақ мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы болса, затымен Ресейге адал қызмет ететін парақша. Сергей Магнитский ісін жөніндегі «Вечерка»-ның ұстанымы Кремльдің парақор көзқарасынан айнымайды.

Олар 2013 жылының 11 шілдесінде «Вердикт по «делу Магнитского-Браудера» атты ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратын бастырып алды. ГУЛаг-тың ресейлік ізбасарлары изоляторына қамалған, Ресейдегі жемқорлықпен айқасқан батыл заңгер Магнитскийді құртты. Бірақ, «Вечерка» Кремльдің адвокатына айналып, марқұмға (!!!) қарсы процесінен мынадай байбаламын көшіріп алды: «Магнитский организовал уклонение от уплаты налогов по предварительному сговору группой лиц в особо крупном размере», – огласил решение судья Игорь Алисов». Ресей Федерациясының мүдделерін қорғайтын Ұжымдық қауіпсіздік ұйымынның реваншист әрекеттерін жырлайды Алматы қалалық әкімшілігінің жар астындағы орыс тілді жазғыштар. 2013 жылының 11 шілдесінде «Надежный щит региона» мақаласында «Вечерка»-ның жазғышы Александр Грибанов ФСБ-ның аналитигі Игорь Панариннің Орта Азиядағы тәуелсіз мемлекеттерге қоқан-лоқы көрсету үшін айтылған сөздерін келтірді: «Все силы и подразделения ОДКБ оснащены новейшим оружием. Скоро в Белоруссии пройдут масштабные учения сил организации. Будет проведена переброска крупных подразделений, в том числе и Воздушно-десантных войск на большие расстояния». Иә, солтүстіктегі жендеттер Арқанкерген мен Іле-Алатау паркінде болған қырғынында өз қанды балақ табиғатын анық көрсеткен болатын.

dumay-golovoy.ru

Әлгі ресейліктер арасында экстремизм баяғыдан бері кең етек алған. Мәселен, Екінші әлем соғысы барысында орыс жазушысы Илья Эренбург «Убей немца!» деген ұранын тастады. Сонда, не? Битке өкпелеп, тонымызды отқа жағамыз ба? Нацисттердің хайуандығы үшін Бетховен мен Гетені жазалаймыз ба? 1999 жылы орыс рок-тобы «Запрещенные барабанщики» нәсілшіл «Убили негра» әнін шығарады. Ксенофобияны насихаттайтын бұл ән Ресейдің жетекші телеарналары мен радиостанцияларының әуе толқынында жиі орындалған. Әрине, адамзатқа қарсы осындай «туындылар» скинхед, казачество секілді ұлтшыл-нәсілшіл қозғалыстарының қолтығына су бүркеп отыр.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.