Американдық мамандармен кездесулер

Әрине, АҚШ-тың сыртқы саясаты көптеген мемлекеттердің жүйкесін тоздыруда. Янки отаршыл әрекеттері Ирак пен Ауғанстан секілді елдеріне орасан зор зиянын келтірді. Бірақ, Ресей және Қытаймен салыстырғанда Америкамен достасуы бізге неғұрлым тиімді боп көрінеді. Өйткені, американдықтар біздің жерімізге ресейліктердей бас сұқпайды, улы «Протондар»-ды үстімізден ұшыратпайды, қытайлықтардай миллиондаған гастарбайтерлерімен елімізді қаптатуға ұмтылмайды. Сондықтан, АҚШ-тың азаматтарымен өзара тиімді ынтымақтастығын орнатуы біз үшін артық болмас.

 

 

Данияр Наурыз бен Калифорния прокурорының орынбасары Джессика Амгверд (Jessica Amgwerd), Милан, 2010

 

 

Өз басым, бірсыпыра американдықтармен танысуға үлгердім. Мысалы, АҚШ-тың құқық қорғау орындары өкілдерінің бірі, Джессика Амгверд ханыммен сөйлескен болатынбыз. Оның айтуынша, янки әкімдерінің ірілері ғана оққағарларымен жүреді. Мәселен, Нью-Йорк пен Техас секілді аймақтардың басшылары күзетшілерімен қоршаланған. Ал, ұсақ аймақтардың әкімдері оққағарсыз жүруде. Жарылғыш заттар жөніндегі сарапшы, Уильям Итонмен де сұхбаттастық. Оның пікірінше, қазіргі таңда атом бомбасын шығаруы техникалық тұрғыдан қарағанда қиын мәселе емес. Тек қана, қажетті радиоактивтік материалдарды табуы оңай емес, өйткені олардың айналымына неше түрлі халықаралық тыйымдар орнатылған.

Жарылғыш заттар маманы Уильям Итон (William Eaton) мен Данияр Наурыз, Астана, 2013

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
15 views

Leave a Reply