Өзге жанға сыр ашпа

Жұмыс бабымен құқық қорғау, мемлекеттік қауіпсіздік орындарында қызмет ететін кісілердің электрондық мекенжайларымен оқта-текте айналасуға мәжбүрмін. Байқағаным, офицерлеріміздің көбісі ғаламтордағы хат алмасуы үшін ресейлік Мэйл.ру компаниясына сенімін артып, оның мекенжайларын пайдалануда. Әрине, шетел компаниясы арқылы бір-бірімен хабарласуы арнайы мекемелерімізде істейтін қызметкерлерімізге мүлдем жараспайтын қылық. Жоқ дегенде, достас Түркия немесе Эстония сияқты елдерінде орналасқан фирмалардың қызметін пайдаланса, бір жөн. Бірақ, ұлттшыл саясаткерлер мен ксенофобиялық қозғалыстарға толы Ресейге сырымызды ашуы әбестік болар еді. Әлбетте, біздің солтүстік көршіміз еліміздің ірі сауда әріптесі екендігі тайға таңба басқандай анық. Алайда, ұлттық қауіпсіздік комитет пен тәртіп сақшыларымыздың электрондық мекенжайларын ресейлік Мэйл.ру-да орналасқаны үлкен қателік болып табылады.


dl.maximumpc.com

Мысалы, соңғы уақытта Ресеймен қарым-қатынастарымыз тым тереңдете түсті. Әрине, егер Пушкин, Мусоргский немесе Шолохов сияқты Ресейдің данышпандарымен етене жақын болсақ, нұр үстіне нұр. Өкінішке орай, бейбіт ғұламаларынан гөрі Қазақстан үшін бөтен, қаскүнем солтүстік көршілеріміз басым. Әлгі ресейліктер арасында экстремизм баяғыдан бері кең етек алған. Мәселен, Екінші әлем соғысы барысында орыс жазушысы Илья Эренбург «Убей немца!» деген ұранын тастады. Сонда, не? Битке өкпелеп, тонымызды отқа жағамыз ба? Нацисттердің хайуандығы үшін Бетховен мен Гетені жазалаймыз ба? 1999 жылы орыс рок-тобы «Запрещенные барабанщики» нәсілшіл «Убили негра» әнін шығарады. Ксенофобияны насихаттайтын бұл ән Ресейдің жетекші телеарналары мен радиостанцияларының әуе толқынында жиі орындалған. Әрине, адамзатқа қарсы осындай «туындылар» скинхед, казачество секілді ұлтшыл-нәсілшіл қозғалыстарының қолтығына су бүркеп отыр.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
15 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.