Ермолай, Ермак, Ермолов…

Тарифтерін жоғарлатуына құмар «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы Астанадағы 2012 жылдың қараша айында өткен ІІІ халықаралық теміржолшы бизнес-форумы жүргізушілерінің бірі ретінде Ермолай Солженицынді шақырды. Қазақ халқының жауы, ұлтшыл жазушы Александр Солженицыннің баласы біздің ақшамыздың арқасында қымбат қонақ үйінде тұрды, қомақты қаржыны иеленді. Жарайды, ұлтшыл жазушының бөлтірігі қазақша Герольд Бельгердей сайраса, Александр Затаевичтей халық әндерімізді білсе немесе есуас әкесін үшін кешірім сұраса, онда Ермолайды жарылқауына болар еді. Бірақ, солтүстік көршілерімізді кәупілдеп қарсы алатын ҚТЖ-дың президенті Асқар Мәмин керек болса Голощекиннің туыстарын асырап алуға даяр. Жалпы айтқанда, жауапты қызметкерлеріміздің көбісі оңбай тұр. Ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысы бар эстрадалық әнші Григорий Лепсті қошаметтеп қарсы алады жергілікті пәтшағарлар. Көзі тірісінде заңсыздықтың атасы «Дед Хасан» Аслан Усоян да еркін түрде Қазақстанға келуші еді.     

 


yk.kz

 

Тағы бір гу-гу әңгімені құлағымыз шалып қалды. Асқар Мәмин қорғаныс министріне айналған сцeнарист Әділбек Жақсыбековпен бірге сонау тоқсаныншы жылдардың басында Целиноградта бопсагер (рэкетир) ретінде күн көріпті-міс. Білгіштердің айтуынша, боксшы Жақсыбековтің тұмсығы да сол кәсіптің жолында бұзылыпты-мыс. Рас па, өтірік пе кесіп айта алмаймыз. Бірақ, естеріңізде болса бұрынғы Кеңес Одағы аймағындағы атқамінердің біразы қылмыс әлемінен шыққан кейіпкерлер: Ринат Ахметов, Анатолий Быков, Әлішер Усманов және тағы басқалар. Тағы бір айта кетерлік жәйт, марқұм көпір салушымыз Александр Рязанов мақтаныш тұтатын: «Досым Асқар Мәмин бар». Алайда, байғұс құрылысшы кенет қаза тапқанда, әлгі Асқар онымен қоштасуына да келмепті, бұқаралық ақпарат құралдарында Рязанов туыстарының қайғы-қасіретіне де ортақтаспады. Анық достың қадірін той-думанның дүрмегінде емес, осындай қиын жағдайда тануға болады.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply