Әңгімешіл Әбілевтің құдіретті нөмірі

Былтыр, қоғамдық қайраткер мен кәсіпкер Болат Әбілев саясатпен қош айтысты. Әрине, көңілшек қыз-келіншектерден
басқа сөзуар саясаткердің өнімсіз әрекеттерін сағынатын жұртшылық – жоқтың қасы. Тоқсаныншы жылдардың соңында, қазақ саясатына белсене кіріскен Б. Әбілев шешендік өнерімен ғана ерекшелене түсті.
Қыруар қаражаттың иесі, ықпалды азаматтардың тамыр-танысы бос әңгімелердің шеңберінен аспады. Неткен шабытты баяндамалар жасады Бутя! Қандай жігерлі шерулерді басқарды азамат Әбілев! Теледидардағы
қаншама қызу пікір-таластарға қатысты қарағандылық Болат! Бірақ, сөз жүзіндегі оппозиционер іс жүзіндегі биліктің қол шоқпары болып шықты. Ресейдегі аты-шулы жазушы Александр Проханов пен

Print Friendly, PDF & Email

Былтыр, қоғамдық қайраткер мен кәсіпкер Болат Әбілев саясатпен қош айтысты. Әрине, көңілшек қыз-келіншектерден басқа сөзуар саясаткердің өнімсіз әрекеттерін сағынатын жұртшылық – жоқтың қасы. Тоқсаныншы жылдардың соңында, қазақ саясатына белсене кіріскен Б. Әбілев шешендік өнерімен ғана ерекшелене түсті. Қыруар қаражаттың иесі, ықпалды азаматтардың тамыр-танысы бос әңгімелердің шеңберінен аспады. Неткен шабытты баяндамаларын жасады Бутя! Қандай жігерлі шерулерді басқарды азамат Әбілев! Теледидардағы қаншама қызу пікір-таластарға қатысты қарағандылық Болат! Бірақ, сөз жүзіндегі оппозиционер іс жүзіндегі биліктің қол шоқпары болып шықты. Ресейдегі аты-шулы жазушы Александр Проханов пен белгілі радиожурналист Алексей Венедиктов те сөз жүзінде Кремльдің қарсыласы боп көрінуде. Алайда, ресейлік зиялы қауымының осы өкілдері шын мәнінде орыс билігімен ауыз жаласқан. Мысалы, ресейлік президент Владимир Путинмен бірге А. Проханов пен А. Венедиктов бөтен кісілер үшін жабық Валдай дискуссиялық клубының жиналыстарына қатысады.

Путин Венедиктовты еркелетіп, "дұшпаным" дейді.
Путин Венедиктовты еркелетіп, “дұшпаным” дейді.

Әңгімешіл Әбілев те әрқашан Ақ Орданың көңілін аулауда. Мәселен, 1992 жылы өткен қайырымдылық аукционның барысында Б. Әбілев саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламсабын сатып алуы үшін 20 000 доллар төледі. Ал, 2007 жылының деректеріне сәйкес, Б. Әбілев (+7-701-111 11 22) пен Н. Назарбаевтың (+7-701-211 11 22) ұялы телефондарының нөмірлері де егіздей ұқсас. Шамалғаннан шыққан дөкейді пір тұтатын ырымшыл Әбілев, қаламсап пен телефон арқылы супер ханның жолын қуғысы келді. Пұтқа табынатын діндардай, қарағандылық Болат зат пен нөмірдің құдіретіне сенді. Бірақ, онысы болмады. Сондықтан, әлгі қоғамдық қайраткер мен кәсіпкер саясаттың қитұрқы әлемінен түңіліп, тұғырынан тайды. Президент атағына үміткерлердің бірі енді естеліктерін жазуына кірісетін шығар.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
21 views

Leave a Reply