Сыртқы саясатымыздағы оң қадам

Біріккен ұлттар Бас ассамблеясының Қырымдағы заңсыз референдумға қатысты шешімі қабылданған. 100 мемлекеттер Ресейдің озбырлық әрекеттерін қатаң сынға алып, Украинаның тұтастығын құптады. Судан, Беларусь пен Зимбабве тәріздес кертартпа елдер ғана ресейлік агрессиясны қолдады. Қазақстан дауыс беруден бас тартты. Әрине, ең дұрысы Украина үшін дауыс бергені жөн болар еді. Өйткені, украин халқы біз үшін достас ұлттардың бірі болып табылады. Оған қоса, біздің солтүстік аймағымызға да ресейлік агрессиясын қауіпі төніп тұр. Бірақ, Бас ассамблеясының тарихи маңыздылығы бар жиынның алдында қазақ дипломаттары ресейлік озбырлық әрекеттерді ресми түрде қолдады. Демек, аз уақыттың аралығында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өз қателігін түсініп, оны түзетуге мейлінше талпынуда.

 


 

Антұрған кеден одағына кірген соң, қазақ басшылары Ресейдің көңілін табуға әлек. Біздің ішкі нарығымыз ресейлік пен белорус сиықсыз тауарларына айқара ашылған. Ал, біздің тауарлар ресейлік пен белорус нарығына қиыншылықпен өтуде. Сапалы шетел тауарларына жоғары кедендік баж арқылы кедергі келтірілген. Экономика саласында құлдыққа енген қазақтар еуразиялық одаққа кірсе, саяси бостандығынан айырылмақ. Сондықтан, қазақ дипломаттарының Қырым жөніндегі дауыс беруден бас тартқаны бізді үміттендіруге тиіс. Өйткені, Армения мен Беларусь секілді орыс жандайшаптары Қырым аннексиясын қолдады. Демек, әзірше Қазақстанның Ресей ықпалына тойтарыс беруге шамасы келеді. Енді, осындай игі бетбұрысын әрі қарай дамытып, тереңдету қажет. Әйтпесе, Ресеймен бірге халықаралық қауымдастық дайындайтын санкцияларға душар болмақпыз.   

 

 

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.