Қырымдағы шайқас – Қазақстан үшін де талас

Қазіргі сәтте, күллі әлемнің назары Қырым түбегіне аударылған. Украинаның аймағын басып алуына қара ниетін білдірген Ресейді халықаралық қауымдастығының басым көпшілігі қатаң сынға алуда. Бұл қақтығыс біздің елімізден географиялық тұрғыдан қарағанда аулақ болса да, саяси жағынан етене жақын болып табылады. Украинаның тұтастығы сақталса, біздің де болашағымыз емен-жарқын болмақ. Ал, егер Киевтің жағдайы құлдырап бара жатса, онда біздің келешегіміз де күңгірттенуі әбден ықтимал. Ресей отаршылары Молдова мен Грузияның аймақтарын басып алды. Бүгінгі таңда, Кремльде жайғасқан басқыншылар Қырымның шипалы табиғатын, ыңғайлы орналасқан порттарын көздеп жүр. Олар дегеніне жетсе, Солтүстік Қазақстанның да кезегі келер. Сондықтан, Украинаға қарай қазақ билігінің енжарлығы өз халқына қарай енжарлығына тепе-тең!

 


 

Оқта-текте ғана бірен-саран қазақ саясаткерлері Украинаны қолдап, қарлығып кеткен қариядай үн шығарады. Әрине, осындай жігерсіз, әлжуаз әрекеттер мүлдем жарамсыз. Еліміздегі миллиондаған украиндықтар да мардымсыз боп көрінеді. Мәңгүртерге айналған олардың басым көпшілігі «орыс» деп ресми түрде жазылған. Осындай шиеленіскен жағдайда, «орыс» хохолдары Мәскеудің улы насихатына нанып, соған сәйкес ойлануда. Демек, Украинаның жақтастықтары әскери қимылдармен қатар үгіт-насихат саласында да белсенді шараларды өткізуге тиіс. Қару-жарақпен бірге ақпарат құралдары да мейлінше пайдаланылуға қажет. Өйткені, бостандық үшін күресетін жауынгерлерді рухани қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрине, айтарлықтай табиғи байлықтары жоқ Украина қомақты қаржысына тапшы. Сібір мен Қиыр Шығыс халықтарын обырдай обып жатқан Ресей мол қаржысына иелік етуде. Бірақ, ақыр соңында әділсіз жолымен табылған ақша ресейлік отаршыларды бүлдіріп тастайды.    

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply