Хан қасында қарақшы

Сенімді ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Күзет қызметінің қатарында шамамен 300-500 адамдар жұмыс істеуде. Демек, оның құрамасында 1,500 адамдар қызмет етеді мемлекетіміздің Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің есебі шындыққа жанаспайды. Осы күштік құрылымның негізін қалауына белгілі террорист Виктор Карпухин ат салысты. Ауған президенті Хафизулла Әминді өлтіргендердің бірі Карпухин, Қазақстан президенті Күзет қызметінің тұңғыш жетекшісі (1991 – 1992). Одан кейін, күзетшілерге тағы басқа ресейлік офицер, Сергей Синицин, жетекшілік етті. Тек қана, 1996 жылдан бастап осы қызметінің басшылығы қазақ әскерилеріне өтті. Өйткені, дәл сол кезең барысында қазақ үкіметі атом бомбалары, әскери полигондар мен Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге тапсыруы жөніндегі елімізге тиімсіз шешімдерін қабылдады. Әрине, егер қазақ басшылары Ресейдің мүдделеріне қарама-қайшы келетін әрекеттерін жасаса, Күзет қызметінің ресейлік жетекшілері оларды Хафизулла Әминдей құртар еді.

 


Оққағар Вячеслав Шалапинин әліптің артын бағуда

Әлбетте, осы ұйымның тарихында мақтанышқа тұрарлық жарқын беттер де баршылық. Мысалы, 2002 жылы оққағар Ермек Үкібаевтың бастамасы бойынша Астанадағы «Royal» казиносының жүгенсіз күзетшілері сазайын тартты: Дмитрий Фролов пен Сергей Губернаторов оңбай таяқ жеді, Сергей Пуха мен Рустам Малаев сотқарлық және наша сақтауы үшін қамауға алынған. Осындай қатаң шараларға қандай оқиғалар түрткі болған? Кентаудың тумасы Үкібаев достарымен бірге келіп, әлгі казиноның кіреберісінің алдында өз автокөлігін тұраққа қойды. Сондай болмашы себептен, саны басым «Royal» күзетшілерімен қақтығысқан президент оққағарлары жеңіліске ұшырады. Келесі күні, есесін қайтару үшін Ермектің қызметтестері тайраңдап кеткен казино содырларын жазалады. Айтпақшы, жақында Күзет қызметінің атауы Мемлекеттік күзет қызметіне ауыстырылды. Сөз жоқ, бұндай өзгеріс мүлдем артық. Монархия бағытындағы тағы бір қадам. Француз патшасы Людовик ХІV «L’État, c’est moi» («Мен өзім мемлекетпін») дегендей, қазақ президенті өз күзет қызметін мемлекет қорғауына теңеді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
27 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.