Теңбіл доптың қитұрқы жолы

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем кубогы жаңа есімдерді ашып үлгерді. Мысалы, Колумбиялық балғын жұлдызы Хамес Родригес алты доп соғып, жарқ етті. Коста-Рика деген ұсақ елінің құрамасы әлем чемпионы Италия мен Еуропа чемпионы Грекияға қарсы өткізген жемісті ойындар да көптеген жылдар бойы естен кетпес. Алайда, жасыл алаңда жарқын сәттермен қатар ұнамсыз оқиғалар да пайда болған. Мәселен, Бразилияға қарсы ширек финал ойында Колумбияның голы есептелмеді. Нидерландыға қарсы ширек финал ойында Коста-Риканың шабуылшысына қарсы ереже бұзуы үшін он бір метрлік тағайындалмады. Керісінше, әлем кубогының алғашқы ойынында Жапониядан келген әділсіз төреші алаң иелеріне жағу үшін Хорватияның қақпасына себепсіз он бір метрлікті тағайындады. Сонымен, бірнеше күшті командалар парақор қазылардың кесірінен жеңісті жолын мезгілсіз доғаруына мәжбүр болды.

Футбол ойыншыларының аяқтары.

Әлем кубогының ақыр нәтижесіне қатысты біршама болжамымды шығаруға рұқсат етіңіз. Жартылай финалда оңай олжасына масаттанған Германия, бірінші орнын алмайды. Биылғы чемпионаттағы немістердің бүкіл бақ-дәулеті сонымен аяқталды. Германия құрамасының сүреңсіз әрі шабытсыз ойнау әдісі механикалық қуыршақтарды елестетуде. Немістердің қатарында көрермендерді ұйып әкететін таңғажайып ойыншылар жоқтың қасы. Өз басым, Аргентина құрамасына жанкүйер ретінде тілектеспін. Себебі, олар біздегідей ірі, бейбіт мемлекет. Қазақтарға ұқсап, Аргентина халқы да отаршыл саясатының құрбаны. Олардың Мальвин аралдары күні бүгінгі дейін Британ басқыншылардың иелігінде қалуда. Жер көлемі де бізден сәл ғана үлкенірек. Теңбіл доптың сиқыршысы Лионель Месси жетекшілік ететін Аргентина құрамасы футболдағы ең биік шыңын бағындырсын дейміз!

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
5 views

Leave a Reply