Қазақ тіліндегі қысқа хат (SMS)

Ұялы байланысының пайдаланушысы ретінде, қазақ тіліндегі қысқа хат жіберуіне қиналатынмын. Менің қарапайымдау қалта фондарым бұл мүмкіншіліктен кенде. Таяуда, ғаламторды шарлағанда қазақ әріптерін қолдайтын сайтты тауып алдым. www.uthsms.net мекен-жайына кірсеңіз, қазақи хаттарыңызды тегін жібере аласыз. Бір ғана кемшілігі: сіздің хаттарыңыз бағытталған адамдарыңызға лезде келіп түспейді. Сәл күтуіңізге мәжбүр боласыз. Әдеттегідей, ғаламтордағы қысқа хат жіберетін сайттар сіздің хабарламаларыңызды бірден жеткізе алмайтындығы жасырын емес. Әрине, осы сайттың ең басты құндылығы – қазақ әліпбиімен жазылған қысқа хаттарды өңдеуі. Әйтпесе, жоғары технологиялар саласындағы кенжелеп келе жатқан ана тіліміздің жағдайы көңілдегідей еместігі баршаға аян нәрсе. Абырой болғанда, жырақта жүрген беймәлім шетелдіктердің арқасында қазақ тілінің мерейі үстем болғандығына ризамын. Өзекті мәселелер жөніндегі өз пікірімді ортаға салуға рұқсат етіңіз.

250469646

Украинадағы заңсыз қимыл жасаған әлгі орыс терроршылары тағы да адамзатқа қарсы қылмысын жасады. Ресейден келген жендеттер 300-ге жуық бейкүнә адамдарды тасыған малайзиялық «Боинг-777» азаматтық ұшағын жойды. Қаза тапқандардың арасында демалысқа бет алған голландиялық азаматтар басым. Жауыз ресейшіл әрекеттен көптеген малайзиялық, АҚШ пен неміс азаматтарының да өмірі қиылған. Осындай хайуандықтан кейін әлемнің дамыған елдері тағы да үнсіз қалса, халықаралық қауымдастықтың беделі түкке тұрмайтын нәрсеге айналмақшы. Батыстың сыпайы дипломаттарының орнына, батыл әскерилер нақты шараларын атқаруы тиіс. Озбыр Кремльді ауыздықтау үшін шешен сөз мүлдем жарамсыз боп шықты. Тайгадан шыққан аю әңгір таяқтың тілін ғана жақсы ұғады. Жер жүзіндегі ең үлкен террорист – Ресей үкіметі! Бейбіт мемлекеттердің бірлескен қимылы ғана қылмыскер режимнің тас-талқанын шығарады.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
27 views

Leave a Reply