Жауапкершілігі шектеулі энергетиктер

Электроқуат өндіретін кәсіпорындардың қыруар табыс табатынын баршамызға аян. Кеңес Одағы тұсында күйбең тіршілігін кешкен энергетиктер, қазіргі таңда алпауыттардың қатарынан орын алуда. Бірақ, сол заманның қуатты ағайындары орташа жалақыларын алса да, орасан зор еңбегін атқарған-ды. Ал, бүгінгі уақытта олардың ізбасарлары май шелпекті жесе де, тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетуіне енжарлықпен қарауда. Жабайы капитализмнің басты  заңы – қайткен күнде де пайда табу. Қолы сұғанақ энергетиктер жоғары дәрежедегі құрал-жабдықтарының орнына сын көтермейтін арзан техниканы сатып алады да, сапалы мен сапасыз өнімдерінің арасында қаржылай айырмашылығын қымқырып кетеді. Әрине, бастықтар мен тексеруші мекемелерінің сыбағасын беруін мүлдем ұмытуға болмайды! Экономикамыздың мызғымас тіректерінің бірі – сыбайлас жемқорлығы. Сондықтан, әр қитұрқы адамның тасасында үлкен кісілердің нобайы көрінуде.

crumpled-line-of-lattice-towers-mgx

«Алатау жарық компаниясы» деген акционерлік қоғамы да оңай олжа табуына дағдыланған мекемелердің бірі. Алматы әсем қаламызда ел аман, жұрт тыныш болған кезінде де ебедейсіз жергілікті энергетиктер өз тұтынушыларын талай рет электроқуатсыз қалдыруда. Ешбір тілсіз жау немесе қандықол террорист энергетиктердің жұмысына зиян келтірмейді. Жай ғана парақорлық пен селқостықтың салдарынан жүздеген мың қалалық тұрғындар жиі шамсыз тіршілік етуде. Материалдық шығын былай тұрсын, қаншама моральдік зиянға себепкер болып үлгерген икемсіз энергетиктер! Ғажайып спорт бәсекесінің тікелей эфирін үзіп жібереді «Алатау жарық компаниясы» деген әрі обыр, әрі озбыр мекемесі. Кабель интернеттегі еркін саяхаттасаңыз да, оны да өшіріп тастайды тойымсыз «АЖК». Еркінсіп кеткен энергетиктерден тиісті айыппұлдарды да өндіру қиын нәрсе. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қазанындағы № 1355 қаулысы «Электр қондырғыларын орнату қағидалары» 25 тармаққа сәйкес, ІІІ санаттағы электр қабылдағыштар үшін электрмен жабдықтау жүйесінің зақымдалған элементін жөндеуге немесе ауыстыруға арналған электрмен жабдықтаудағы үзіліс уақыты 1 тәуліктен аспаса, электрмен жабдықтау бір қорек көзінен жүзеге асырылады. Демек, энергетиктер сізді күн сайын шамсыз қалдыруға құқылы. Әйтеуір, электроқуатсыз уақыты бір тәуліктен аспаса, оларды жауапкершілікке тартуы мүмкін емес.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
17 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.