Колорад таспасының індеті

Бүкіл әлем шығыс Украинадағы ресейшіл террористтердің қылмыс әрекеттеріне куә болуда. Озат саяси күштер Ресей басқыншылық шараларына тиісті баға беруде. Абырой болғанда, мынадай қылмыскер топтары біздің елімізге тікелей қауіп төндірмейді. Бірақ, олардың өкілдеріне бергісіз Қазақстан азаматтары да пайда болуда. Автокөлік жүргізушілеріміздің біразы өз арбаларына қазақи белгілердің орнына аты жаман колорад таспаларын (Георгий лента) жабыстыруда. Қазақ төлқұжаты бар келімсектер былай тұрсын, қаракөздеріміздің арасынан шыққан мәңгүрттер де фашизмнің тұмарына айналған (қосымша ақпаратты мынадан қараңыз: bit.ly/1pWhreO) колорад таспасына құлшылық етуде. Озбыр қозғалыстың белгісін мадақтайтын кісілер – террористердің көмекшілері ретінде сипаттауға тура келеді. Ресейшіл сеператисттерінің жергілікті жанкүйерлері шетелдегі сыбайластарды қару-жарақ, құрал-жабдықтармен мейлінше қамтамасыз етпесе де, рухани қолдауды күн сайын білдіруде.

geor

Азаматтық борышым ретінде колорад таспасын жабыстырған кейбір автокөлік нөмірлерін жария етуге шешім қабылдадым. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» демекші, саңылауы бар қандастарыма құлаққағыс. Жар астындағы жаудан сақ болыңыздар! Ұйғыр сепаратист белгілерімен өрнектелген арбалардың саны азайса, енді колорад таспасын ұлықтайтын жүргізушілер көбейе бастады. 076KEA02, A589HAO, A188SWO, A679BRO және A697CEP мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерден бойыңызды аулақ ұстаңыздар. Темір тұлпар мінген ресейшіл террористтер жақтаушыларымен кездесу –  жақсылыққа апармайды.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.