Бас қаламызды былғаған масондар

Бас қаламыз Астана (Ақмоладан шыққан Сатана?) идеялық тұрғыдан алып қарағанда қырық құрақ жиынтығы іспеттес. Кейбір зәулім ғимараттар Сталин тұсында салынған мәскеулік көпқабатты үйлерді елестетеді. Қытай пагодасына ұқсайтын ғимараты да баршылық. АҚШ сәулет өнерінен үлгі алып, бірнеше әкімшілік кеңселер бой көтерген. Тарихымыздың феодалдық кезеңін жалғасы тәріздес, «ақ орда» мен «хан шатыр» деген кешендер тұрғызылған. Сонымен қатар, астаналық нышандар арасында масондық ой-пікірлермен ұштасатын талай ғимараттар салынған.

Ақмола қаласындағы Нұржол желек жолы.

Журналист пен фототілші Дармон Рихтердың Astana: The Illuminati Capital of Kazakhstan атты мақаласында көптеген қызық деректер келтірілген. Мысалы, президент сарайының алдында қойылған Нұржол желек жолындағы қос сары мұнаралар масон шіркеуінің алдында қойылған «Иоахим» мен «Боаз» бағаналарына ұқсайды. Өз тарапымыздан айта кететін нәрсе: масон мен сатанистердің әулиесі Люцифердің есімі латын тілінен «нұр шашатын» деп аударылады.

Масон шіркеуінің алдында қойылған «Иоахим» мен «Боаз» бағаналары.

Пирамида түрінде салынған «Бейбітшілік пен келісім сарайы» төбесінде көзі бар масон пирамидасын еріксіз елестетеді. Американдық доллар купюраларындағы бұндай белгісін көруге болады. АҚШ ақшасы астаналық сәулет өнері үшін маңызды рөлін атқаруда. Мысалы, қаржы министрлігі кеңсесінің нысаны доллардан айнымайтыны анық көрініп тұр. Өз тарапымыздан айта кететін нәрсе: астаналық пирамидасында орналасқан ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы масондық идеялармен тұспа-тұс келеді. Өйткені, әлемдегі діндерді былықтыруы — масондардың ең басты мақсаттарының бірі.

Ақмола қаласындағы масон пирамидасы.

Қазақ билігі шахматы деген ойынға ерекше назар аударуда. Анатолий Карпов пен Кирсан Илюмжинов сияқты шахмат тұлғаларын кәупілдеп қарсы алды. Бұл ойын көп жағдайларда масон философиясымен үндес болып табылады. Мәселен, «гроссмейстер» спорт атағы масондық «ұлы шебер» деген дәрежемен тепе-тең келеді. Әлем тарихындағы бірнеше қайраткерлер шахматы жүйке тоздыратын іссіздік деп пайымдады. Адольф Гитлер билікке келген соң неміс шахмат федерациясын жауып тастады. Белгілі хирург Фёдор Углов пен атақты математик Лев Понтрягин де шахматымен әуестенуін қатты сынға алды.

Доллардағы масон белгісі.

Likes(2)Dislikes(1)
Print Friendly, PDF & Email
177 views

Leave a Reply