Аңызға айналған аспаптар ортаң қол боп шықты

Қазіргі таңда, Страдивари мен Гварнери деген ескі шеберлердің скрипкаларының аукцион бағалары он бес миллион доллардан асып түсті. Музыканттардың басым көпшілігі итальян шеберлерінің бұйымдарын пір тұтуда. Әрине, он саусағынан өнер тамған виртуоздардың Страдивари мен Гварнери скрипкаларына қойылған жоғары бағалары жайдан-жай берілмейтіні анық. Ұлы скрипкашы Никколо Паганини төменгі ноталарымен ерекшеленетін Гварнери аспабын арқылы аса күрделі әуендерді мүлтіксіз ойнады. Атақты скрипкашы Давид Ойстрах тенорлық қасиеттері басым Страдивари аспабын көмегімен түрлі шедеврлерді құштарлана ойнады. Сөз жоқ, осындай сиқырлы скрипкаларды айрықша мадақтағаны жөн. Бірақ, жаңа аспаптардың бағалары ескі аспаптардың бағаларынан әлдеқайда төменгі деңгейінде қалуы да дұрыс емес. Баяғыдан бері келе жатқан Страдивари мен Гварнеридің шамадан тыс жарнамалауы шектен асқан бағаларына әкеп соқтырды. Сазгер әлемімен қатар сурет салуы саласында да кейбір ортаң қол шығармаларға өте-мөте қымбат бағалары қойылған.

222

2011 жылдың соңында музыкалық аспап акустикасының сарапшысы Клаудия Фриц пен скрипка жасаушысы Джозеф Куртин кәсіби музыканттардың көмегімен ғылыми тәжірибені өткізді (bit.ly/1qjJiLl). Скрипканы анықтамауы үшін күңгірт көзілдіріктерін киген скрипкашылар кезектесіп ойнап, бірнеше аспаптарды пайдаланды. Музыканттарға жаңа скрипкалармен қатар мәшһүр итальян өнерпаздарының аспаптары да ұсынылған болатын. Содан кейін, скрипкашылар өз пікірлерін ортаға салды. Нәтижесінде, Страдивари мен Гварнеридің аса қымбат аспаптары көптеген жағдайларда орта бағаларына ғана жетті. Керісінше, жаңа скрипкалар кейбір жағдайларда өте жақсы бағаланған. Қай аспапта ойнағаны білмеген скрипкашылар біршама әділ тұжырымын шығарды. Әлбетте, музыканттар қай аспапта ойнағанынды білсе, ғасырлар бойы келе жатқан даурықпа жарнамасы бейтарап бағалауына нұқсан келтірер еді. Сонымен, көнетоз беделден жасқанбай, ғылым мен өнерде жаңа бағыттарға жетелейтін әрекеттерге білек сыбанып кіріскеніміз абзал!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.