Темір торды қалаған жерлестер

Қазіргі таңда, жеке үйлер мен түрлі мекемелердің басым көпшілігі темір есіктері және темір торлы терезелерімен қапталған. Жарайды, мол қаржы-қаражатын сақтайтын банк немесе қылмыскерлерді тұтқындаған қапас үшін сондай мықты есік-терезелер әбден жарап тұр. Бірақ, қарапайым адамдар мен бейбіт ұйымдар үшін соншама берік есік-терезелердің қажеттілігі екіталай. Еліміздегі кәдімгі пәтерлер бейнебір түрмеге ұқсап, үрей туғызатын бірдемеге айналуда. Тіпті, ағаштан жасалатын кіреберіс есіктерін табуы оңайға соқпайтын дүние екендігі жасырын емес. Ағаш есіктері, торсыз терезелер қауіпсіздік талаптарына сай келетін бұйымдар. Өрт, жерсілкініс сияқты төтенше жағдайлар барысында темірден жасалған есіктер мен торлар құтқарушы, өрт сөндірушілері үшін қосымша кедергілерді туғызар. Қазақ тоғышар, ұсақ буржуазиялық қауымы күнделікті тіршілігіне өз еркінмен темір қамытын киюде.

 Federal-Reserve-bank-New-York-NY

Нью-Йорктегі Федералдық сақтық банкі

Дамыған мемлекеттерде әдеттегідей ағаш есіктері мен торсыз терезелер пайдалануда. АҚШ, Ұлыбритания тәріздес көші ілгері елдерде темір есіктері мен торланған терезелерге оқта-текте тап боласыз. Олардың шіреген байлары ғана күзетшілерін жалдап, темір есік-терезелерінің аржағында өмір сүруде. Ал, тұрмысы орташа азаматтар емін-еркін түрде күшейтілген кіреберіс, торланған терезелерсіз күн көруде. Өйткені, жеке бастың қауіпсіздігін ең алдымен тәуір әдеттер мен сенімнен шыққан дос-жарандар қамтамасыз етуде. Серіктеріңіз күмәнді біреулер болса, сіз тас қорғанын салсаңыз да опасыздықтан бой тасала алмайсыз. Жар астындағы жауыңыз пәлен жасанды қорғанысыңызды бұзып жарар. Алайда, нулы Африка, томсарған Солтүстік Кавказдағы жергілікті тұрғындары бізден де бетер темір көзді үйлеріне өз-өзін қамап ұстаған.

Share
Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Leave a Reply