Құбылмалы ағайындар

Ата-бабалары Сібірден шықса да, қырғыздар еліміздің ең жақын жұрттарының бірі болып саналады. Данышпан Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының көбісі қазақ тақырыбына арналған. Алматыдағы желтоқсан оқиғасын кезінде өзге ұлыстардың арасында қырғыздар бірінші боп қол ұшын беруге әзір еді. Тілдеріміздің ұқсастығы да едәуір рухани бауырластықты білдіруде. Бірақ, ежелден келе жатқан ортақ сипаттарымен қатар алауыздықта апаратын жәйттері де қылтиып шығуда. Қазақстандағы диктаторлық тәртіп осындай келеңсіздіктерді пайда болуына түрткі етті. Қырғыздардың маскүнемдікке салынғаны, олардың қоғамындағы бітпейтін аума-төкпе заман да екіжақты қарым-қатынастарға белгілі дәрежедегі нұқсан келтіруде. Көршілес Қазақстанды пысқырмай, алыстағы Ресейдің әскери күшін өз мемлекетіне кіргізді маңқа қырғыз.

A66D0DB1-1502-436B-9CF2-15CA4FAF5A01_mw1024_s_n

Алатаудың аржағындағы ағайындар ресейлік әуе күштер базасын кімге қарсы бағыттамақшы? Оңтүстік астанамызды бомбалауды көздей ме? Қазақ пен өзбек көршілеріне ресейлік баскесерлер арқылы қоқан-лоқысын көрсетіп, Мәскеудегі қырғыз сыпырушысы мен вахтерлеріне еңбек лицензияларын алдыртуға басқа амалы қалмады ма? Қысқа мерзімді пайдасын аңсайтын қырғыздар ұзақ мерзімде опық жеулері әбден мүмкін. Көршілес мемлекеттерге бөтен жауынгерлердің арқасында сес көрсеткені – жақсылыққа жетелейтін жол емес. Ең алдымен, қордаланған мәселелерді тарих пен дәстүрлері ортақ туыс елдердің арасында шешкені дұрыс. Тәжікстанның да сыртқы саясаты Қазақстан мен Өзбекстан үшін ұнамсыз көрінуі ықтимал. Өйткені, парсы тілдес ағайындары да ресейлік озбыр әскеріне сүйенеді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply