Заманбек Нұрқаділов дүнген бе?

Жақында, мынадай гу-гу әңгімені құлағымыз шалды: ұлтжанды әкім Зәкенің шын мәніндегі әкесі дүнген екен, бірақ құжат бойынша болашақтағы саясаткерге биологиялық қатысы жоқ қазақ оның әкесі ретінде жазылған. Рас па, өтірік пе, әйтеуір Екінші әлем соғысының қиын-қыстау кезеңінде көптеген жалған туу куәліктері құрастырылған. Некелі ер-азаматтардың тапшылығын АХАЖ қызметкерлері қолынан келгенше заңсыз жасырды. Қалай десек те, «орыстың баспанасы, ұйғырдың асханасы» деп ұнамсыз аталған Алматымызды қазақшаландырып кетті ғой Зәке. Айтпақшы, төбе би Қайрат Мәми туралы да дәл осындай сыбыс таратылған. Икемсіз заңгердің биологиялық әкесі дүнген екендігін кейбір жауапты қызметкерлер сенімімен айтуда. Ал, енді жалған метрикалардың тақырыбына қатысы бар басқа деректерді келтірейік.

nurk

Батыр тұлғалы Заманбек…

Алпысыншы жылдарда туған тәжірибелі кеденші Талғат Мақашевтың ресми әкесі – Екінші әлем соғысының барысында қаза тапқан қандасымыз Хамза Мақашев. Қызық екен, марқұм кісінің рұқсатсыз оның атына жазып жіберді ғой айдаладағы біреудің тұқымын. Кеденшінің биологиялық әкесі – дүнген мен ұйғыр халықтарының өкілі Нұрмағамбет Юсупов, шешесі  – Хамзаның туған қызы Үміт. Әрине, мансапқор Талғат үшін бұндай ресми әкесі кедергіні келтірер еді. Тағы бір мысалды оқырман қауымының назарына ұсынайық. Алматы технологиялық университетінің тұңғыш ректоры Қажет Баймендиннің ресми баласы Әліби болған еді. Бірақ, шынтуайтқа келгенде оның баласының биологиялық әкесі  –  пәлен ұйғыр, шешесі – Қажеттің асырап алған қызы Майя. Құжаты түзу болса да, нашақор Әліби өмірдің даңғыл жолынан адасып кетті ғой.

Share
Likes(1)Dislikes(1)
Print Friendly, PDF & Email
77 views

Leave a Reply