Алматы энергетика және байланыс университеті Қырым аннексиясын мойындайды

Кейбір қазақ әкімсымақтарымен қатар жергілікті ғалымсымақтардың арасында да жағымпаздықтың індеті кең етек алуда. Ресей империясының алдында бәйек қағатын қаракөздер бодандық қамытын өз еркінімен киюге дап-дайын тұр. Мысалы, аталған жоғарғы оқу орнының аясында өтетін «Қазіргі заман жағдайларындағы энергетика, телекоммуникациялар және жоғары білім» атты 9-шы Халықаралық ғылыми техникалық конференциясы да сайқал саясаттың ықпалында қалып тұр. Осы жиынның ресми бағдарламасында мынадай келімсектер көрсетілген:  Григорьев П.Е., Таврический национальный университет им. В.И.Вернадского, г.Симферополь, Россия; Полищук А.Н., Севастопольский национальный технический университет, Севастополь, Россия.

Алматы энергетика және байланыс университеті.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қырым аннекциясын мойындамайды. Украин территориясының тұтастығы – Қазақстанның да бейбіт өмірі мен қауіпсіздігінің кепілдемелерінің бірі. Сондықтан, қазақ жеке тұлғалары мен ұйымдары да ресейлік заңсыз әрекеттерге өз наразылығын білдіруге тиіс. Достас украин әріптестерінің алдында мынадай келеңсіз жағдай орын алғандығы үшін кешірім сұрағаны жөн. Ертең ресейлік озбыр күштер Қызылжар мен Қостанайды басып алса, Алматы энергетика және байланыс университетіндегі коллаборационисттер не істемекші?

Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
53 views

Leave a Reply