Ана тіліміз кино саласына лайықсыз ба?

Жуырда, Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Иран көркем фильмдерін тамашаладым. Парсы тілін мыңдаған қазақтар жетік меңгерсе де, субтитрлері орыс тілінде қойылған болатын. Кинотеатр қызметкерлерінің дені – қазақтар. Көрермендердің де басым көпшілігі қандастарымыз екендігі жасырын емес. Соған қарамастан, субтитрлері бөтен елдің мемлекеттік тілінде берілген еді. Көрсетілімнен кейін кинотеатр қызметкерлерінен сұрадым: «Осы мәдени ордасында қазақшаланған сеанстар өткізіле ме?» Қаракөз бойжеткен «Жоқ» деп жауабын қайтарды. Байқадыңыз ба, Қазақстан үкіметінің сайқал саясатының салдарынан республикамыздағы келмеске кеткен империяның орыстандыру шаралары әлі күнге дейін ұйымдастырылуда. Жә, орысқұл әкімсымақтардың жағдайы белгілі ғой. Ақмола әкімшілігі емес, құдды Орынбор облысының губернатордай зиянкестігін танытады абыройынан айырылған мақлұқтар. Қалтасы қалың қазекеңдер ше? Олар ырду-дырду мерекелерін өткізуі үшін, миллиондаған долларды далаға шашады.  Осы қомақты қаржысының бір бөлігін шетел фильмдерін қазақ тіліне аудару жұмыстарына жұмсаса, құба-құп болар еді.

movie-theater

Кішігірім эстон мемлекеті пен халқының саны жеткіліксіз монгол елі де шетелден әкелінген фильмдерді өз тілдеріне қиналмай аударады. Орасан зор байлықтары бар Қазақстан үшін бұндай іс-әрекеттер тіпті оп-оңай жүргізілер еді. Ауру қалса да, әдет қалмайтыны атам заманнан бері айдан анық қағидасы қайтадан өз өміршеңдігін дәлелдеуде. Бүкіл Алматы үшін жалғыз ғана қазақи кинотеатр қызмет көрсетеді. Райымбек батыр даңғылының бойында аласалау, тозған ғимаратында орналасқан кинотеатр бейнебір ауыл клубынан айнымайды. Бәлкім, абыз Сергей Құяңның ақыл-кеңестерін құштарлана орындайтын шопан Есімовтің пайымдауынша, қазақ тіліндегі фильмдер індет іспеттес залалды нәрсе. Оны салтанатты орталық мекенжайлардан аластатқаны жөн…

Share
Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
15 views

Leave a Reply