Ескерткіштің де сұрауы бар

Қазақстанға ешбір қатысы жоқ француз генералы Шарль де Голльге Астана-Сатанада ескерткіш қойылады. Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан немесе жерімізді сақтап қалған саясаткер Жұмабек Тәшеневке бас қаламызда салтанатты мүсіндерді тұрғызуына қолымыз тимей жатыр. Есесіне, Алматы қыстағында Қазақстанға ешбір қатысы жоқ үнді диуанасы Махатма Гандиге баяғыдан бері сымбатты ескерткіш қойылған. Халықаралық қатынастарды нығайту үшін осындай монументтер де керек шығар, бірақ ең алдымен төл тұлғаларымызды дәріптегені жөн. Өзге шаңырақтың астында қойдан жуас қонақтар біздің мемлекетімізге келгенде әлдеқандай  мырзасымақтарға айналатыны жасырын емес.

4-2_335

Әлгі француз тақырыбын қайтадан қарастырсақ, еліміздің төріндегі ескерткішке лайықты тұлғалардың бірі – атақты жазушы Жюль Верн. Біріншіден, оның «Михаил Строгов» романында қазақ кейіпкерлері де келтірілген. Екіншіден, қаламы мұқалмайтын француз кемеңгерінің капитан Немо тәріздес ғажайып қаһармандар қаншама қазақ балаларына шабыт бергенін айтсаңшы! Біздің ономастика саясатымызда да тектігі жетіспейді. Қазақстанға ешбір қатысы жоқ оғаш қаламгер Гоголь-Моголь немесе бізге мүлдем жат сотқар мінезді Лермонтовтың есімдері Алматы қыстағының қақ ортасында орналасқан көше мен театрына берілген. Ал, елімізге жиі келетін, қазақ өнерпаздарына көмек көрсететін ұлы жазушы Михаил Шолоховтың есімі Алматы қыстағының шетіндегі кішігірім көшеге ғана берілген.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
9 views

Leave a Reply