Тәңір атқан комитет

Өз басым атеист болсам да, этнографиялық тұрғыдан алып қарағанда еліміз үшін ең қолайлы наным – Тәңірге табыну деп есептеймін. Әрине, ғылыми мен саяси жағдайларда атеизмді пайдаланғаны жөн, бірақ кейбір мәдени шаралардың барысында Тәңірге табыну деген біздің дәстүрлі дініміздің орны ерекше. Соған қарамастан, басшыларымыздың арасында атеист немесе Тәңір табынушылардың саны – жоқтың қасы. Есесіне, атқамінерлеріміздің басым көпшілігі араб-ебрей секталарына берілген бәзбіреулер. Мысалы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаевтың баласы, Сергей Нұртаев, православиеге өткен орысқұл. Нұреке КСРО жетекшісі Юрий Андроповты өнеге тұтып, ұлын Грекиядағы Қазақстан елшісінің лауазымына орналастырды. Естеріңізде болса, Ю.В. Андроповтың баласы, Игорь, Эллададағы Кеңес Одағының елшісі ретінде қызмет етті. Алайда, кішіпейіл Юрий Владимировичтің көзі тірісінде оның ұлы бұндай жоғары қызметке тағайындалған жоқ. 1984 жылдың 9 ақпанында гебист-генсек дүниеден озды, ал тек қана 1984 жылдың 1 қыркүйегінде оның ұлы Игорь елші қызметіне кірісті.

Страница Сергея Нуртаева в социальной сети "Вконтакте".

ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметінің бұрынғы жетекшісі, генерал-майор Ильдар Хисамутдиновтың өгей ұлы, Дамир Саматов, православиеге өткен орысқұл. Ильдар Ибрагимович (әлде Остап Ибрагимович пе?) бұрынғы лауазымында біздің телефон әңгімелерімізді тыңдады, электрондық хаттарымызды оқыды. Содан кейін, ол «Astana Innovations» акционерлік қоғамының басқарамасы төрағасының кеңесшісі боп істеді. Енді, И. Хисамутдиновтың негізгі міндеті – Астана тұрғындарын бейнебақылау арқылы тәулік бойы қадағалау. Айтпақшы, оның өмірбаяны КСРО КГБ төрағасының бірінші орынбасары, армия генералы Филипп Бобковтың өмір жолын елестетуде. Одақ кезінде, диссиденттермен күрескен Филипп Денисович капитализм тұсында «Мост» Тобы акционерлік қоғамының аналитикалық басқармасына жетекшілік етіп, ебрей олигархы Владимир Гусинскийге көмек көрсетті. Коммунистік насихатымен шұғылданған генерал Бобков көп ұзамай буржуазиялық құндылықтарды дәріптеуге кірісті. Сондай жылпос генералдардың негізгі мақсаты – қара бастың қамын ойлау.

Страница Дамира Саматова в социальной сети "Вконтакте".

Жалпы алғанда, еліміздегі татар қауымының жағдайын мұқиятты түрде зерттеу керек. Әрине, жергілікті ноғайлардың арасында Мұрат Кәрімов секілді сыйлы қариялар да баршылық. 2014 жылдың күзінде, Мәкемен сөйлесе бастағанда орысша бірдемені айттым. Ал, Мұрат Әбділхайұлы бірден қазақша жауап қайтарды. Әңгіме барысында, Кәрімов мырза базына айтты: «Неге татар тілін білмейсің, балам? Қазақ зиялы қауымының бірнеше өкілдері татарша сайрап тұр». Мен салған жерден былай дедім: «Төл мәдениетіміздің аға буынының тарландары Қазан мен Омбы тәріздес татар өркениетінің орталықтарына жиі баратын. Өз кезегімде, аталған қалалармен ешбір байланысым жоқ». Дегенмен, қазағуар татарлардан гөрі орысқұл ноғайлар басым. Мысалы, Орал қаласындағы «Зенит» өндірісінің бас директоры Вячеслав Валиев атымен татар болса да, іс жүзінде орысшыл ұлтшыл болып табылады. Алматыдағы «Сабантуй» ресторанының иесі Тұрсынтай Ғабитов үш тұғырлы азаматтығының пайдаланушысы: қатарынан қазақ, қытай мен орыс төлқұжаттарын иемдеді. Сенімсіз ресторатор туралы татар журналисі Арслан Минвалеев «Новые мухаджиры» атты мақаласында баян етеді. Украинадағы татар миллиардері Ринат Ахметов орыс сепаратистерінің қолтығына дым бүркеді. Нәтижесінде, Ахметов мырзаның ықпалы зор Донбасс аймағында украин жасақтары жеңіліп қалды.

Карикатура на патриарха Кирилла.

Сайып келгенде, әр мықты мемлекет төл насихатын ұстауда. Жапонияда – синтоизм болса, Израильде – сионизм күшті. Тіпті, ебрей ертегілеріне негізделген итальян католицизмі латын тілі мен жергілікті суретшілер, мүсіншілер мен сазгерлердің арқасында Италияның бейнебір байлығына айналды. Ал, қазақтар ше? Төл Тәңірімізді мансұқ етіп, бөтен мифологиялық кейіпкерлерге құлшылық етуге асығуда. Әбіқаев мырза Рим папасының туфлиін сүюді армандайды. ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Владимир Жұмақановтың Ресейде тұратын православ ағасы Константин сол елдің арнайы қызметтеріне етене жақын азамат. Исламшыл гебист Қайрат Сатыбалды да оңып тұрған жоқ. Осындай опасыз жандаралдармен қалай тәуелсіз мемлекетімізді құрастырамыз?! Мейрімді дәрігер Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің хабарлауынша, киелі Хан Тәңірі шыңымыз құпиялы түрде Қытайға берілген. Әрине, бұндай қаскүнемдік мәңгүрт басшылардың қолынан келеді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
67 views

Leave a Reply