Арманда кеткен боздақтар

2015 жылдың 18 қыркүйек күні, Ресей басқыншыларымен бірлесіп өткізілетін «Орталық-2015» оқу-жаттығуының барысында Каспий теңізінде орын алған қасіретті оқиға қазақ жанкүйерлерінің жанына батқан қаралы хабар. Төрт бірдей сарбаз су астына кетіп, опат болды. Қымбат әскери техникаға шығын келтірілген. Мүмкін, ауа райының жағдайы кері әсер етті. Бәлкім, олардың қолбасшыларының теріс нұсқаулары қаруланған жігіттердің өмірін қиды. Кім білсін? Әйтеуір, ел аман, жұрт тынышта бірнеше жас түлектерден айырылуы – ауыр уайым. Бірақ, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтуымен бірге, сыншыл көзқарастарымды жасырудан аулақпын.

aktau_MO1

Жалпы алғанда, қазақ әскерилері мен құқық қорғау орындарының жасақтары капиталист тәртібінің күзетшілері. Жә, олар отандық байлардың нөкерлері болса, бір жөн. Алайда, жауынгерлеріміздің шынайы басшылары – Мәскеуде тұрады, Пекинде өмір сүреді. Ресей мен Қытайдың озбыр саясатына қарсы бірде-бір оқ атпады бишара әскерилер. Олар республикалық бюджетімізден керемет жалақы алса да, ертерек зейнетке шықса да елімізге қызмет етуге құлықсыз. Есесіне, олар ата жауларымыздың орнына мифологиялық террористтермен соғысуға даярланады. Сайып келгенде, лағып кеткен әскерден елімізге не пайда?

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.