Бибауырмал Бигелді

Естеріңізде болса, 2004 жылы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин «Central Asia Monitor» деген апталық газетінің негізін қалады. Ең алдымен, Бәке плагиат жасады. 1992-2002 жылдардың аралағында, диссидент Валерий Чалидзе «Central Asia Monitor» атты ғылыми журналын шығарды. Оның бас редакторы Давид Налле болған еді. Неміс түркітанушысы Десмонд Дуркин-Майстерэрнсттің (Desmond Durkin-Meisterernst) арқасында, аталған журнал мұқабасының фотосуретін ортаға саламын. Әйтпесе, бүкіл ғаламторды аралап өтсеңіз, оның мұқабасын тауып алмайсыз. Сонымен қатар, осындай ағылшын атауы біздің күрделі геосаяси жағдайымызды теріс сипаттайды. Кеңес Одағының ғалымдары Кіндік Азия аймағын дәлме-дәл «Казахстан и Средняя Азия» деп атады. Өйткені, Қазақстан мен Орта Азия республикалары мәдени, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда – бөлек елдер. Бізде өзбектер мен тәжіктерге тән діни фанатизм жоқ. Еліміздің ауыл шаруашылығы негізінен дән егу мен мал бағумен шұғылданса, оңтүстік көршілеріміз көбінесе жеміс-жидекті өсіреді. Сондықтан, осындай ірі әрі күрделі аумақты «Central Asia» деген бірлескен ұғымымен суреттеуі – қателік санатына жататын дүние.

bigeldy

Central Asia Monitor magazine, 1992

2004 жылдың желтоқсан айында, генерал-гебист Владимир Божко өзінің іні әріптесі деп есептелетін Б. Ғабдуллинге батасын берді. Жырынды тыңшы плагиат атымен жаңадан шыға бастаған апталық газетін жарнамалады: «Central Asia Monitor» газетін оқыңыздар, оған жазылыңыздар!» Себебі, мейірімді дәрігер Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің «Крестный тесть» кітабында жылпос журналист былай сипатталған: «Бигельды Габдуллин, главный редактор частной газеты «Централ Азия монитор», тайный агент-информатор КГБ-КНБ». Әрине, пысықай жазғыш газетімен ғана шектелмейді. ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында және «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен, Қазақ ПЕН-клубының президенті Б. Ғабдуллин төл әдебиетіміздің інжу-маржандарын шетел тілдеріне аударма жұмысын басқарады. Бәке білімді қаламгер болса да, дәл осы тапсырманы орындағанда шалағайлық танытты.

Мысалы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» эпопеясы ағылшын мен неміс тілдеріне орысша аудармасының негізінде қотарылған. Әрине, бұндай шалағай тәржімелердің деңгейі бірден көзге ұрып тұрады. Әу бастан, шығарманың орыс тіліндегі аудармасын пайдаланған американдық тілмаш Кэтрин Фитцпатрик қазақ түпнұсқасын көп бұрмалапты. Қараңыз: «– Бетім-ай! Масқара-ай!» Тырыли арық Қарақатын жерқазбаға танаурап сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың жанына аудара тастады» деген кіріспесін аудармашы былай аударыпты: «Panting, lean and excited, Karakatyn ran into the zemlyanka. Trowing down a handful of crooked branches by the little stove…» Елімізді танымайтын шетелдік ханым «жерқазба» зат есімін «zemlyanka» деген орыс ұғымы арқылы жеткізеді. «Құшақ» деген өлшемді «a handful» («бір уыс») деп аударған. «Аласа қазандық» зат есімін «the little stove» («кіші пеш») деп бере салған. Кітапты бастырған Нью-Йорктегі ұсақтау «Liberty Publishing House» баспасы тіпті ағылшын етістігін қателесіп шығарды: «throwing» («лақтыру») деген сөзді, жаңылысып «trowing» деп келтіреді.

Осындай өкінішті қателіктерді болдырмау үшін қазақ тілін игерген шетелдіктер мен шетел тілдерін игерген қазақ мамандарын аударма өнеріне тарту керек. Мысалы, Гамбург қаласының тумасы, неміс шығыстанушысы Ута Шиллинг ханымның қазақшасы тәп-тәуір. Белгілі филологымыз Көбей Хұсайынов ағылшынша сайрап тұр. Міне, осындай адамдарды қатарымызға тарта отырып, қазақ әдебиетінің жауһарларын дүниеге танытуымыз керек. Құпиялы агент Б. Ғабдуллинге қайтадан оралсақ, оның Әкежан Қажыгелдиннің командасында белсенді рөлін атап өткеніміз жөн. «Ағама жеңгем сай» демекші, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі және КГБ қызметкері Ә. Қажыгелдин өзіне лайықты нөкерлерін таңдап алды. Мәселен, оның оққағары Сәтжан Ыбыраев не деген жылмақай адам! 2013 жылдың күзінде, С. Ыбыраевпен кездескен болатынмын. Ол маған бірнеше керек емес сұрақтарды қойды. Марқұм ақсақал Мұхит Ахметовті өз туысқаны ретінде мойындамады. Осындай бибауырмал (космополит), баяны жоқ кісілерді мемлекет құрылысы сияқты маңызды салаға жолатпауы керек.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.