Лениншіл Рүстемов. «Сөз туралы сөз»

Қазақ филологы Лениншіл Рүстемовтің (1932-1993) ана тіліміздегі араб және парсы сөздерін зерттейтін кітабын осы сілтемеден жүктеп аласыз. Әрине, күні бүгінгі дейін біз көп тілді сөздіктерге зәруміз. Отандық оқырмандарымыздың дені шетел әдебиетін орыс аудармалары арқылы пайдаланады. Германия мәдениетінің алпауыты Гетенің «Фауст» эпикалық трагедиясын неміс тілінен тікелей аударған Медеубай Құрманов немесе ұлы Абайдың Ғақлия сөздерін мен «Ескендір» және «Масғут» поэмаларын француз тіліне тәржімалаған Ғалымжан Мұқанов тәріздес мамандар сирек кездеседі.

Обложка Рустемов

Мысалы, 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында атақты жазушы Джек Лондонның «Теңіз қасқыры» романының қазақ нұсқасы жарық көрді. Әрине, журналист Дидахмет Әшімханұлы американдық қаламгердің танымал туындысын орыс аудармасынан тәржімеледі. Көркем әдебиетінің шығармаларын түпнұсқадан аударсаңыз да, неше түрлі ақаулықтар пайда болуы бек мүмкін. Ал, егер шетел кітабымен дидарласуының ортасына орыс «делдалы» кірсе, онда дәлсіздіктер шаш етектен болмақ. Аталған шығарманың бірінші тарауынан бастап дүмбілез аударманың әртүрлі қателіктері орын алуда. Мәселен, Джек Лондон былай жазыпты: «In fact, I remember the placid exaltation with which I took up my position on the forward upper deck, directly beneath the pilot-house, and allowed the mystery of the fog to lay hold of my imagination». Сөзбе-сөз қазақшалап айтсақ, шамамен мынадай сөйлемді құрастырамыз: «Іс жүзінде, жүргізу бөлмесінің дәл астында, алғы үстіңгі палубасындағы орнымды сабырлы қуанышпен алғандығым және тұманның жұмбағына менің қиялымды тартуына ерік бергенімді еске аламын».

Әлбетте, менің шорқақтау аудармам сапалы әдебиеттің санатына жатпайды. Бірақ, мен ағылшын мәтінін дәл жеткіздім. Ал, орыс аудармасына негізделген Дидахмет Әшімханұлының нұсқасы былай жазылған: «Әлі есімде, мен үстіңгі палубада, жүргізу рубкасының дәл түбінде, пароходтың тұмсық тұсында жайбарақат, көңілді тұрдым, теңіз бетін бүркеген қара тұманның қалың пердесі де маған аса әсер ете қойған жоқ». Көрдіңіз бе, ағылшын түпнұсқасы мен қазақ «аудармасының» арасында едәуір айырмашылық баршылық.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Leave a Reply