Мурат Абдиров. «История казачества Казахстана»

Ұлтжанды тарихшымыздың осы зерттеу еңбегі 1994 жылы бастырылған. Оны келесі сілтемеден жүктеп аласыз.  Тоқсаныншы жылдардың басында, елімізде казачество деген терроршыл ұйым қайтадан бой көрсете бастады. Ресейдегі Александр Солженицын тәріздес арандатушылардың айтағында жүрген жергілікті казактар, біздің жерімізді тартып алуы үшін білек сыбанып кіріскен болатын. Абырой болғанда, Мұрат Әбдіров сияқты отансүйгіш тұлғалардың арқасында, ел тыныштығын сақтадық. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі билігі казачество секілді ата жауымызға оң қабағын танытуда. Ғасырлар бойы бейбіт қазақ тұрғындарын қырып-жойған лаңкестік тобыр еркінсіп кеткен. Тіпті, кейбір жоғары лауазымды қызметкерлеріміз казак құрметті атақтарын құштарлана иемденуде. Бұл мүлдем қисынсыз құбылыстардың санатына жататын дүние! Мысалы, гитлершіл концлагерлердің бұрынғы тұтқындары неонацист партиясының құрметті атағын қабылдағанын елестетуі мүмкін емес.

62531158

Арың қайда, Ерлан Арын?

Ресейшіл атқамінерлеріміз бен рухани «кемеңгерлеріміз» казачество жайында жым-жырт қалуда. Сондықтан, аталған тарихи зерттеуді кеңінен таратқанымыз дұрыс. Казачествоның арам істерін көркем мен деректі фильмдер, халықаралық газеттердегі публицистикалық мақалалар арқылы қайтадан әшкерелеу керек. Казактардың тамырына балтасын шапқан хазар халқының біртуар перзенті, Яков Михайлович Свердловтың, есімін тиісті деңгейде қастерлеуіміз қажет. Оның құрметіне көшелер мен алаңдар, даңғылдар мен қалашықтарымызды атасақ, артық болмас. Әрине, түптің түбінде орыс империясы толығымен ыдырап кетеді. Соның өзінде, мынадай игі үрдісті тездеткеніміз лазым. «История казачества Казахстана» деген кітапты оқып шыққаннан соң, орыс отаршылдарымен күресі әлі аяқталмағанына қайтадан көзіміз жетеді. Енді, тәуір зерттеудің тұжырымдарын іске асыруға борыштымыз.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
57 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.