Қазақтың қолымен от көсеу

Батыс Қазақстанда жұмыс істейтін Рафхат Халелов деген ноғай фотографы «Казахстанская правда» газетінің байқауына оғаш суретін жіберіп салды. Колорад таспасының, яғни жексұрын «георгиевская ленточка», алдында әскери киімшең қос қара домалақтарымыз жауынгер сәлемін беруде. Демек, көптеген батырлар дүниенің есігін ашқан Ақжайық өңірінде де фашист көршісінің үрейлі ызғары сезіле бастады. Озбыр ресейліктердің түпкі мақсаты – еліміздегі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бүкіл жұртымызды өз қолшоқпарына айналдыруы. Жасыратыны жоқ, ұжымдық қауіпсіздігінің келісіміне сәйкес «тәуелсіз» Қазақстан іргелес РФ-пен қатар жырақтағы Армения мен Беларусьті қорғауға тиіс. Мәселен, Таулы Қарабақ төңірегіндегі армяндар мен әзірбайжандардың арасындағы соғыс қайтадан басталса, онда қазақ республикасы Ереванға қол ұшын беруге міндетті болмақ. Әрине, армян мүдделерін сақтауы үшін әскерилеріміз әзірбайжан жауынгерлерімен тікелей қақтығысқа бармас. Алайда, біз Әзірбайжанның байырғы жерін басып алған армян отаршылдарына экономикалық пен әскери-техникалық көмекті көрсетуге мәжбүр болмақпыз.

rafhat halelov oral
Арамызда орыс шашбауын ерікті көтерушілері де баршылық. Мысалы, «Жандаралдардың кеңесі» атты қоғамдық ұйымын басқаратын милиция жандарал-майыры Рүстем Қайдаров ресейліктердің көңілінен шыққан Қара Ивандардың бірі. Қазіргі таңда, бөтен елдер түгілі туыстас славян мемлекеттері де Ресейге секемдене қарай бастады. Есесіне, әлгі Қара Иванымыз орыс содырларына бағытталған ыстық сезімдерін одан әрі нығайтуда. Жетпіс-сексен жыл бұрын орын алған ресейлік шапқыншылық жорықтарын әлі күнге дейін пір тұтады Есімханның баласы Рүстем. Келесі жылы хас батырымыз Амангелді Имановтың көтерілісіне жүз жыл толады. Қаһарлы Аманымыз жандаралдың атағына қол жеткізбесе де, үш қабатты коттеджді салмаса да патшалық Ресейге төтеп берді. Ел басына күн туса, жандаралдарымыз Саддам Хусейннің сатқын қолбасшыларына еліктеп, қалталарын тығындау жолында отанымызды дұшпандарға қарсыласпай бермеуіне кім кепіл? Әйтеуір, рухани түрде олар қауқарсыз бірдемелер.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
36 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.